Құрметті Ұлытау ауданының тұрғындары!
Ұлттың бірлік-берекесінің ұйытқысы саналатын Ұлытау ауданында бір жылдан аса уақыт әкім болып қызмет атқардым. Осы аралықта сіздермен бірге ауданның көркейе түсуі мақсатында қолымыздан келгенінше еңбек еттік. Атқарылған жұмыстың нәтижелі болуына көмектескен әріптестеріме, тың бастамаларға үнемі қолдау білдірген аудан жұртшылығына шынайы алғысымды білдіремін.
Ұлт бесігі бүгінгі қалпында қалып қоймай, әлі де өркендей түсеріне сенімім мол.
Елдің қолдауымен «Nur Otan» партиясы атынан ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты мандатын иелендім. Бұл – баршамыздың жеткен жетістігіміз. Мәжіліс депутаты бола жүріп, Ұлытау-Жезқазған өңірінің одан әрі дамуына барынша мүдделілік танытарым анық.
Баршаңыздың еңбектеріңізге табыс, әр отбасына берекелі тірлік тілеймін.
Ең бастысы, еліміз аман, жұртымыз тыныш, мемлекетіміз мерейлі болсын!
Зор құрметпен,
Берік ӘБДІҒАЛИҰЛЫ,
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты.