Жеңіс Қасымбек Қарағанды облысының тұрғындарымен есеп беру кездесуін өткізеді
Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек SARYARQA телеарнасында 19 ақпанда халықпен есеп беру кездесуін өткізеді. Сондай-ақ теміржолшылар мәдениет үйлерінде, «Молодежный», Жаңа Майқұдық, Достық үйінде және Кеншілер мәдениет сарайында LED-экрандар орнатылады.
Сондай-ақ, коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау үшін аудандар мен қалалар әкімдерінің халықпен қорытынды есеп беру кездесулері негізінен әкімдіктердің әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларында онлайн-режимде өтеді, ал кейбір жағдайларда жергілікті телеарналарда трансляциялар жүргізілетін болады.
Офлайн-есептер қолайлы санитарлық-эпидемиологиялық жағдайы бар өңірлерде өтеді. Сондай-ақ интернеті жоқ ауылдық елді мекендерде де осындай шартта өтпек. Бұл ретте барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптар сақталатын болады. Қатысушылар саны 30 адамнан аспауы тиіс. Егер көп болса, онда есеп топ-топпен кезекпен өтеді.
Аудандар мен қалалар әкімдерінің есептік кездесулері 1 ақпаннан басталады, ал 13 қаңтардан бастап ауылдар мен кенттер басшыларының есептері өтуде.
Қалалар мен аудандарда ұсыныстар мен ескертулерді жинау үшін Call-орталықтың телефоны жұмыс істейтін болады.