Құрметті Қарағанды облысының тұрғындары!

Қарағанды облысы 2021 жылғы 18 қаңтардағы Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес «сары аймақта» тұр.

2020 жылғы 18 қаңтардағы жағдай бойынша облыста барлығы 12 782 коронавирустық инфекция жағдайы тіркелді, 100 мың тұрғынға шаққанда сырқаттанушылық көрсеткіші 899,8 құрады. Ауру құрылымында ауру белгілері — 54,9%  және ауру белгілерінсіз вирус тасымалдаушылар — 45,1%.

Эпидемиологиялық жағдай күрделі деп бағаланып отыр, коронавирустық инфекция бойынша сырқаттанушылықтың күнделікті өсуі тіркелуде.

Сондықтан, аурудың өршуіне жол бермеу мақсатында облыстың Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысы талаптарының сақталуын қатаң қамтамасыз ету қажет. Балаларға, жасы үлкен адамдарға және ауруға өте сезімтал созылмалы аурулары бар адамдарға ерекшеназар аудару қажет. Сіздің денсаулығыңыз, жақындарыңыздың денсаулығы өзіңіздің қолыңызда, сондықтан оқшаулануды, биоқауіпсіздік ережелерін (маска кию, антисептиктерді қолдану, әлеуметтік қашықтық) сақтауларыңыз қажет.

Қазіргі уақытта жекелеген аумақтарда да, жалпы облыс көлемінде карантиндік іс-шараларды қабылдау мәселесі қарастырылуда.

Қарағанды облысының Бас санитариялық дәрігері ретінде барлық азаматтарды  санитариялық шаралар мен шектеулерді мүлтіксіз сақтауға шақырамын, бұл коронавирустық инфекцияның таралуын бақылаудың жалғыз жолы.

 

Қарағанды облысының

Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері                                                         Ю.Залыгин

 

 

Уважаемые жители Карагандинской области!

             Карагандинская область согласно матрице оценки эпидемиологической ситуации в регионах Казахстана на 18 января 2021 года находится в «желтой зоне».

Всего в области по состоянию на 18 января 2020 года зарегистрировано 12 782 случая коронавирусной инфекции, показатель заболеваемости на 100 тыс. населения составил 899,8. В структуре заболеваемости симптомные больные составили — 54,9% и бессимптомные вирусоносители – 45,1%.

Эпидемиологическая ситуация ухудшается, фиксируется ежедневный рост заболеваемости по коронавирусной инфекции.

Поэтому, с целью недопущения вспышечного характера заболеваемости, необходимо обеспечить соблюдение требований Постановлений Главного государственного санитарного врача области. С особым вниманием относиться к детям, лицам старшего возраста, нашим близким, имеющим хронические заболевания, которые наиболее восприимчивые к заболеванию. Ваше здоровье, здоровье ваших родных и близких в ваших руках, поэтому необходимо соблюдать самоизоляцию, правила биобезопасности (ношение масок, применение антисептиков, соблюдение дистанции).

В настоящее время рассматривается вопрос принятия мер по усилению карантинных мероприятий, как на отдельных территориях, так и в целом по области.

Как  Главный санитарный врач Карагандинской области призываю граждан неукоснительно соблюдать все санитарные меры и ограничения, это единственный способ контролировать распространение коронавирусной инфекции.

 

 Главный государственный санитарный врач

Карагандинской области                                                                                     Ю.Залыгин