Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрамы туралы
Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 3) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
- Тағайындалсын:
Әлихан Асханұлы СМАЙЫЛОВ – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары;
Роман Васильевич СКЛЯР – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары;
Ералы Лұқпанұлы ТОҒЖАНОВ – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары;
Мұхтар Бескенұлы ТІЛЕУБЕРДІ – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі;
Ғалымжан Тельманұлы ҚОЙШЫБАЕВ – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Басшысы;
Нұрлан Байұзақұлы ЕРМЕКБАЕВ – Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі;
Ерлан Заманбекұлы ТҰРҒЫМБАЕВ – Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі;
Аида Ғалымқызы БАЛАЕВА – Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрі;
Сапархан Кесікбайұлы ОМАРОВ – Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі;
Марат Бақытжанұлы БЕКЕТАЕВ – Қазақстан Республикасының Әділет министрі;
Асхат Қанатұлы АЙМАҒАМБЕТОВ – Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі;
Алексей Владимирович ЦОЙ – Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі;
Серік Жамбылұлы ШӘПКЕНОВ – Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі;
Бейбіт Бәкірұлы АТАМҚҰЛОВ – Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі;
Ерұлан Кенжебекұлы ЖАМАУБАЕВ – Қазақстан Республикасының Қаржы министрі;
Ақтоты Рахматоллақызы РАЙЫМҚҰЛОВА – Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі;
Бақыт Тұрлыханұлы СҰЛТАНОВ – Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрі;
Юрий Викторович ИЛЬИН – Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі;
Әсет Арманұлы ЕРҒАЛИЕВ – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі;
Бағдат Батырбекұлы МУСИН – Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі;
Мағзұм Маратұлы МЫРЗАҒАЛИЕВ – Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрі;
Нұрлан Асқарұлы НОҒАЕВ – Қазақстан Республикасының Энергетика министрі.
- Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті Қ.ТОҚАЕВ
Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2021 жылғы 18 қаңтар
№ 494