Әділет кеңес береді
Ұлытау облыстық Əділет департаментінде халыққа тегін заңгерлік көмек көрсету бойынша «Əділет кеңес береді» атты акция ұйымдастырылды.
Бүгінгі қоғамда халықтың заңнамаларды жете білуі мен заңның талаптарын күнделікті өмірде сақтай білуі маңызды. Осы мақсатта ұйымдастырылған акцияны арнайы сала мамандары жүргізді. Адвокат, сот орындаушысы, нотариус, сондай-ақ Əділет департаментінің қызметкерлері азаматтарға ақпараттық түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Қатысушылар өзекті мəселелерге нақты жауаптар ала алды.
– Акция мақсаты – облыс тұрғындарына заң аясында кеңес беру. Сауалдарын тыңдау, заңды түсіндіру. Акция алдағы уақытта да өтіп тұрады. Кез-келген заң жүзіндегі мəселемен жүгінуге болады, – деді Ұлытау облысының Əділет департаментінің басшысы Лаура Молдажанова.
Акция барысында кəсіби мамандардан кеңес алуға үлгермегендер Жезқазған қаласы, Момышұлы көшесі 9 мекенжайда орналасқан Əділет департаментінің кеңсесіне заң шеңберіндегі сауалдармен баруға болады.
Өз тілшімізден.