Қарағанды облысында ЭКҰ квотасы жеті есеге дейін артты

Өткен жылы Қарағанды өңіріне ЭКҰ-ға 84 квота бөлінді, ал қазір бұл көрсеткіш 532-ге дейін өсті. Сонымен қатар, ауыл тұрғындарына ерекше көңіл бөлінеді. Денсаулық сақтау министрлігінің жоспарына сәйкес үміткерлердің кемінде 60%-ы осы санаттан болуы тиіс.

Бақытты мүмкіндік қарағандылық Динараға да түсті. Оның екі баласы да ЭКҰ көмегімен дүниеге келген.

— Маған «бедеулік» диагнозы қойылғаннан кейін мен бірден ЭКҰ-ға кезекке тұрдым, — дейді Динара. — Бірақ біз көп күткіміз келмеді, сондықтан рәсім үшін төледік. Нәтижесінде қызымыз дүниеге келді. Көп ұзамай кезек келіп, ұл тудым. ЭКҰ – бұл прогресс, бұл бедеу адамдарға ана бақытын сезінуге көмектеседі. Күйеуім екеуміз бақыттымыз, себебі біз бұл сәтті ұзақ уақыт күткен едік.

ҚРТ бойынша өңірлік үйлестіруші акушер-гинеколог дәрігер, репродуктолог Татьяна Слободчикова ЭКҰ бағдарламасы халық арасында сұранысқа ие екенін атап өтті. Статистика бойынша, Қарағанды облысындағы әрбір алтыншы жұп жүкті болу қиындықтарын бастан кешуде.

— Квоталар бұл процедураға мұқтаж адамдардың көп болуына байланысты ұлғайтылды. ЭКҰ бағдарламасы бойынша 2020 жылы облыста 355 бала дүниеге келді, — деді Татьяна Слободчикова.

Квотаға үміткер болу үшін сіз келесі өлшемдерге сәйкес келуіңіз керек: 18 жастан 42 жасқа дейін, соматикалық аурулардың болмауы. Сіз осындай жауапты процедураны жасайтын медициналық ұйымды өзіңіз таңдай аласыз. Қалған сұрақтар бойынша тіркелген жері бойынша учаскелік гинекологқа жүгіну қажет.

Қарағанды облысы Денсаулық сақтау басқармасының ақпараты бойынша