Президент реформалары өз нәтижесін беруде
Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің Конституциясына реформалар енгізу бойынша 2022 жылдың 5 маусымында жалпы халықтық референдум ұйымдастыру бойынша қаулы шығарғаны белгілі. Соңғы референдум қазіргі Конституциямызды қабылдар алдында 1995 жылы болғаны белгілі. Сол референдум аясында Конституцияға 56 өзгеріс енгізілді. Конституциялық реформаның жаңа мазмұны Жаңа Қазақстанды Президенттік пен мықты Парламенттік және абыройлы Үкіметі бар Республикаға айналдырары сөзсіз. Жаңа өзгерістерге сәйкес жергілікті мәслихаттардың жұмысы да реформаға ілікті. Жергілікті әкімдер мен аудан әкімдерін сайлау құқығы халықтың өз еркіне берілді. Бұл да Жаңа Қазақстанның демократиялық жолда дамып жатқанының белгісі.
Сайлау жүйесінде де сайлаудың мажоритарлы-пропорционалды моделі сайлаушылардың жан-жақты көзқарасын қамтамасыз етеді. Бұл дегеніңіз жергілікті халықтың билік жүйесіне ықпал етуін ұтымды қамтиды. Президенттің партия қатарында болмауы да жаңа өзгерістердің бірі. Сонымен қатар, Оның жақын туыстарының мемлекеттік басқару ісінде және квазимемлекеттік секторда басшылық етуге болмайтынының өзі демократиялық бағыттың бір мысалы. Біздің мақсатымыз, жоғарыда аталған өзгерістерді Тәуелсіз еліміздің дұрыс бағытта дамуы үшін аз да болса өз үлесімізді қосу.
Дархан ЕСЕНБАЕВ.
ҚАРСАҚБАЙ кенті