Президент реформалары – тұрақтылық пен тәуелсіздігіміздің кепілі
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2022 жылғы 5 маусымға республикалық референдум өткені барша қазақстандықтарға белгілі. Конституциялық реформа – Әділетті Қазақстанның жарқын болашағына жасалып отырған бетбұрыс, қоғамда демократия қағидаттарын орнықтыруға жасалған қарымды қадам деп айтуымызға толық негіз бар.
Ата Заңымыздың алғашқы сұлбасы 1995 жылы бүкілхалықтық референдумда қабылданды. Содан бергі 27 жыл ішінде оған баса назар аударған болатын. Сол себептен де, Конституциялық реформаның негізгі бағыттарының бірі – Президенттің бірқатар өкілеттіктерін қысқарту болып табылады. Мәселен, Конституцияға ҚР Президентінің өз өкілеттігі кезеңінде саяси партияға мүше болмауы туралы норма енгізілетін болады. Көптеген шет мемлекеттерде Президенттің кандидатурасын белгілі бір партия ұсынуы мүмкін, ал осы кандидатура Президент болғаннан соң өз өкілеттігі кезеңінде саяси партияға мүше бола алмайды. Бұл оның өзін ұсынған партияға басымдықтар бермеуін, саяси бетараптығын қамтамасыз ету мақсатында қолданылатын шара болып табылады. Көпшілік қауым саяси ұстынымызды оңтайландыру жолымен әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешуге жағдай жасалатындығына мол сенім артуда. Бүгінде халықтың сол сенімі ақталып, еліміздегі орын алып жатқан бірқатар өзгерістер халықтың көңілінен шығуда. Конституциялық реформаларды жүзеге асыру жолында жұдырықтай жұмылып еңбек ету –
әрбіріміздің перзенттік борышымыз!
Сәулеғаным ОРЫНҒОЖИНА,
Жаңаарқа ауданы Аналар кеңесінің төрайымы.