Қарағанды облысында 2021 жылы сумен жабдықтау саласында 26 жоба іске асырылмақ
Қарағанды облысында 2020 жылы мемлекеттік бағдарламалар бойынша сумен жабдықтау саласында 90 жоба іске асырылды. 380 шақырымнан астам желі салынды және қайта жаңартылды, 25 нысан пайдалануға берілді. Бұл орталықтандырылған сумен жабдықтауды қалаларда 98%-ға дейін, ауылдық елді мекендерде 89,9%-ға дейін жеткізуге мүмкіндік берді.
Биыл тұрғындарды сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету жалғасады. «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша 500-ге жуық жұмыс орнын құрумен 26 жобаны іске асыруға бюджеттен қаражат бөлінді.
300 шақырымнан астам су құбыры мен кәріз желілерін салу және қайта жаңарту жоспарлануда. Орталықтандырылған сумен жабдықтау Бұқар Жырау ауданының төрт ауылында (Жаңаталап, Сарытөбе, Асыл, Қызылжар) және Нұра ауданының Жанбөбек ауылында жүзеге асырылады.