Қарағанды облысында тергеу-қамауға алынғандар сайлауда дауыс берді
АК-159/1 мекемесінің 401 тергеу-қамауға алынған азаматтары Парламент Мәжілісі мен мәслихаттарға дауыс берді. №94 сайлау учаскесіне олар мекеме бақылаушыларымен бірге келді. Қазақстан Республикасының Заңы бойынша сот шешімі бойынша кінәсі дәлелденбеген азаматтардың дауыс беру құқығы бар.
Сайлау процесі эпидемияға қарсы талаптарды сақтай отырып өтті. Сайлау учаскесіне тергеу-қамауға алынғандар екі-екіден бақылаушысыз өтті. Қарағанды тергеу изоляторының жиырма жеті адамы алғаш рет дауыс беруге қатысты.
— Сайлауға екі апта қалғанда тергеу-қамауға алынғандар саяси партиялардан танысу үшін үгіт материалдарын алды. Сондай-ақ, сайлаушылар партиялар туралы ақпаратты мекеме аумағында хабар тарататын радиодан білді, — деп хабарлады АК-159/1 мекемесі бастығының орынбасары әділет майоры Есімжан Байтасов.
Тергеу изоляторында сегізінші парламенттік сайлаудың құрметіне барлық ұсталғандарға мерекелік таңғы ас пен түскі ас дайындалды.