Халық үні – депутат назарында
Жуырда «AMANAT» партиясының Ұлытау аудандық филиалында брифинг өтті. Брифингте аудандық мəслихаттың депутаты, «AMANAT» партиясының депутаттық фракция жетекшісі Марфуға Əбілдина осы күнге дейін атқарылған жұмыстарын баяндады.
Халық қалаулысы тұрғындарды толғандырып жүрген түйткілді мəселелерге құлақ түріп, халық үшін қолға алынып жатқан маңызды жобаларды сөз етті. Депутаттың айтуынша, ағымдағы жылы аудандық мəслихаттағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының 5 отырысы өтіпті. Онда жол картасының орындалу барысы қаралған. Партияның «Ауыл аманаты», «Ардагерлерді ардайық!», «Бақытты отбасы», «Ұлттық мұра», «Кедергісіз келешек» жобалары аясында бірқатар жұмыстар жүргізген екен. Тұрғындармен жүздесу барысында Марфуға Əбілдина олардың тарапынан туындаған сауалдарға жауап беріп, көтерілген мəселелер мен ұсыныстарға депутат ретінде қолдау білдіретіндігін айтты.
Өз тілшімізден.