Ұялы байланыс тарифі жыл соңына дейін тағы көтеріле ме?

Beeline Қазақстанның бас атқарушы директоры Евгений Настрадиннің айтуынша, ондай жоспар жоқ.

«Мобайл Телеком-Сервис (Tele2/Altel)» ЖШС бас директоры Сергей Коньковтың айтуынша, тарифтер барлық абоненттік базаға бірден көтерілмейді.

Ал «Кселл» АҚ басқарма төрағасы Асхат Өзбеков «дәл қазір бұл сұраққа нақты жауап беруге дайын емеспін», деп қысқа ғана қайырды.