Ардагерлер – партия назарында
Еліміздің Тұңғыш Президенті, «Nur Otan» партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев бір сөзінде: «Біз қариялық ғұмырды ұзартудың барлық жағдайын жан-жақты ойластырып, жақсылықтың бәрін жасауға дайынбыз. Аға ұрпақтың алаңдауына негіз жоқ. Өйткені, біз ұрпақтар сабақтастығының алтын көпірі – абзал қарияларымызға құрмет көрсетудің ұлттық дәстүрін бойымызға сақтаған елміз. Сақтай да береміз» деген еді.
Шынында да бұл ұлағатты сөздің мағынасы тым тереңде жатыр. Біле білсек, қарттарымыз өмірден көпті көрген, тәжірибесі мол, қисапсыз қиындықтарды еңсеріп, бізді бақ-қуатты күнге жетелеген жандар. Бүгінде ұлттық рухымызды жоғалтпай, еңсесін басқан ауыртпалықты еңбекпен жеңіп, жарқын күнге жеткізген солар. Қазақта «Қариясы бар елдің қазынасы мол» деген қанатты сөз бар. Бұл бәріміз білетін және жиі айтылатын сөз болғанымен, қадірлі ұғымның бірі. Өйткені, қазыналы қарттарымыз – бірлікке, тұтастыққа үндейтін дәстүрлердің сақтаушысы, патриоттықтың, іске деген адалдықтың, ұлы шыдамдылық пен сенімділіктің үлгісі. Сондықтан, үлкенге құрмет көрсету – барлық қоғамның әр азаматтың міндеті.
Бүгінде «Nur Otan» партиясы ардагерлерге құрмет көрсетуді басты міндет деп санаған. Қарияларымызға қолдау көрсетуді назардан тыс қалдырған емес. Мәселен, «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобасы шеңберінде жалғызбасты және егде тартқан мұқтаж жандарға атаулы көмек көрсетуге жәрдемдесті. Әр өңірде белсенді ұзақ өмір сүру орталықтары ашылды. Сондай-ақ, «Nur Otan» партиясы қарт адамдарды емдеуге маманданған медициналық мамандарды дайындау мәселесін де қолға алып отыр. Әсіресе, партия сайлауалды уәделері аясында жыл сайын ынтымақты зейнетақыны индексациялап, оны инфляция деңгейіне 2% жоғарғы етуді мақсат етті. Зейнетақыны тағайындау кезінде рәсімдеуге қатысты барлық үрдістер проактивті форматқа көшірілуді, электронды түрде көрсетілуді ұсынып отыр.
Ең бастысы, жобаның жетістігі – «Ардагерлер туралы» Заң қабылданды. Осы заң аясында әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну бойынша құқықтық негіздерді бекітті.
Қазірде партия «халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын басшылыққа алып, бірқатар мәселелерді қамтыды. Осыған сәйкес, «Nur Otan» партиясының аудандық филиалының қабылдау бөлмесінде ардагерлердің қатысуымен көптеген мәселелер талқыланды. Бұл бағытта «Nur Otan» партиясының бастамасымен аудандық партия филиалы да ардагерлердің ақылкеңесін алуды әсте ұмытқан емес. Әр кез ардагерлердің үніне құлақ асып, пікірін тыңдауды әдетке айналдырған.
Сондай-ақ, «Nur Otan» партиясының қарттардың әлеуметтік жағдайына аса мән беріп отырғаны көңіл қуантады. Оның айқын айғағы таяуда Ұлытау ауданы бойынша 45 қартқа атаулы қолдау көрсетілді. Бұл жоба аясында іске асқан көмектің бір бөлігі. Алдағы уақытта да аға буынның саламатты өмір салтын ұстануына қолдау көрсету, партияның басты міндеттері болып саналады.
Қайрат ЖҰМАБАЙ
(Материалды жариялау төлемақысы «Nur Otan» партиясы Ұлытау аудандық филиалының қорынан төленді).