Тұрғындар тілегі тыңдалды

Бүгін облыс әкімі Ұлытау Берік Әбдіғалиұлы өңір тұрғындарын жеке қабылдады.

Облыс әкімінің қабылдауына 5 адам келіп, өз сұрақтарын айтты. Өтініштердің басым бөлігі жер, ветеринария, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және мәдениет мәселелеріне қатысты болды.

Өңір басшысы көтерілген мәселелерді бірлесіп қарау және қолданыстағы заңнамаға сәйкес шешімдер қабылдау қажеттігін атап өтті.

Бейінді ведомстволар мен мекемелердің мамандары азаматтарға келіп түскен барлық мәселе бойынша толық түсініктеме берді.

Айта кетейік, Ұлытау облысының әкіміне жазылу үшін азаматтар төмендегі телефондарға қоңырау шала алады:
8 (7102) 73-56-41, 8 (7102) 73-33-59.

Берік Әбдіғалиұлы әр бейсенбі сайын сағат 17:00-ден бастап азаматтарды қабылдайды.