Кентте келісті істер көп
Ақтас кентінің әкімі Ернар Иманғажының 2020 жылы атқарған жұмыстары туралы қорытынды есебі
Кент аумағында Ақтас кенті және Пионер ауылы орналасқан. Оларда 63 тұрғын-үй, 7 қыстақ, 75 отбасы жалпы 331 адам тұрады. Кентте №12 Ақтас, №5 Пионер негізгі мектептері, мектепке дейінгі жастағы балаларға арналған 2 шағын орталық, «Silicon mining» ЖШС-нің өндіріс орны және жатақханасы, «Комкон» ЖШС-нің өндіріс орны, 1 клуб үйі, 2 кітапхана және Ақтас кентінің әкімдігі жұмыс атқарады.
Экономика және қаржы саласы бойынша.
2020 жылы Ақтас кенті әкімі аппаратына қаралған қаражат сомасы – 66 млн 371 мың теңге, оның ішінде: жергілікті бюджет есебінен: 44 млн 746 мың теңге; аудандық бюджет трансферт есебінен: 21 млн 625 мың теңге; аппарат шығындарына «001» — 31 млн. 282 мың теңге (ЖБ — 23 млн. 257 мың теңге, АБ — 8 млн. 25 мың теңге).
— Көшелердің жарық шамдарын күтіп-ұстау үшін «008» – 4 млн. 600 мың теңге (ЖБ — 1 млн. 500 мың теңге, АБ — 3 млн. 100 мың теңге); елді — мекендерді санитариялық қамтамасыз ету үшін «009» — 1 млн. 900 мың теңге (ЖБ есебінен); елді — мекендерді абаттандыру және көгалдандыру үшін «011» — 6 млн теңге (ЖБ есебінен);.кент, ауылдық округтерде автомобиль жолдарын күтіп ұстау үшін «013» – 7 млн. 745 мың теңге (ЖБ — 6 млн. 245 мың теңге, АБ — 1 млн 500 мың теңге);.елді — мекендерді ауыз сумен қамтамасыз етуге «014» — 3 млн. 53 мың теңге (ЖБ есебінен); мемлекеттік органның күрделі шығындары үшін «022» — 2 млн. 791 мың теңге (ЖБ есебінен); автомобиль жолдарына күрделі және орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін «045» — 9 млн. теңге (АБ есебінен).
2020 жылдың қаңтар-желтоқсан айларындағы қаражат сомасының игерілу көрсеткіші бойынша.
2020 жылдағы 12 айдың қаржыландыру жоспары 66 млн. 371 мың теңге, игерілгені 66 млн. 331 мың теңге, немесе 100 пайыз. Игерілмеген қаражат сомасы 40 мың теңге, оның ішінде: 36 мың теңге көше жарығын күтіп ұстау үшін үнемделген қаржы есебінен 4 мың теңге барлық бағдарлама бойынша үнемделген қаражат сомасы.
Мемлекеттік сатып алу бойынша.
2020 жылдың 12 айында «Ақтас кенті әкімі аппараты» ММ мемлекеттік сатып алу әдісі арқылы жалпы құны 41 млн. 188,2 мың теңгеге 60 келісімшарт жасалды, оның ішінде: бір көзден сатып алу әдісі арқылы 55 келісімшарт, жалпы сомасы 38 млн. 157 мың теңге; баға ұсынымы арқылы (ценовой) 3 келісім-шарт, жалпы сомасы 2 млн. 431,1 мың теңге; өткізілмеген сатып алулар бойынша бір көзден сатып алу тәсілі арқылы 2 келісімшарт, жалпы сомасы 600 мың теңге; үнемделген қаржы есебінен 12 келісімшарт, жалпы сомасы 2 млн. 641,5 мың теңге; «Қатысу бюджеті» пилоттық жоба арқылы 1 келісімшарт, жалпы сомасы 1 млн. 339 мың теңге;
Өндіріс саласы бойынша.
2020 жылы жаһандық пандемияға байланысты, әлемнің бірқатар өндіріс саласында кризис орын алды. Оның ішінде, осы натуралдық кварц өндіру жұмысы да тоқтауға мәжбүр болды. «Ақүңгір» кен орнында да «Комкон» ЖШС-і алтын өнімдерін өндіру жұмыстары бойынша тоқтап тұр. Сонымен қатар, 2020 жылдың ақпан айында ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында 2021-2025 жылдарға арналған геологиялық барлау мемлекеттік бағдарламасы тұжырымдамасының жобасына сәйкес, ҚР-ның экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің тапсырысы бойынша Ақтас кенті округінің аумағында 3 геологиялық барлау жұмыстары жүргізілді.
Кәсіпкерлік саласы бойынша. Ақтас кентінде 1 азық-түлік дүкені тұрақты түрде жұмыс жүргізуде. Ақтас кентінде 15 жекеменшік монша және Пионер ауылында 10 жекеменшік монша бар, қоғамдық моншаға қажеттілік туындамайды. 2020 жылдың тамыз-қыркүйек айларында Пионер ауылының Ұлытау селосында (6 рет) ауыл шаруашылық жәрмеңкесі ұйымдастырылды, ұсынылған өнім түрлері мен көлемі: қияр 1 тонна 150 кг, қауын-қарбыз 6 тонна өткізілді.
Ауылшаруашылығы саласы бойынша.
2020 жылдың 12 айында кент бойынша 25 шаруа қожалығы тіркелді. Олардың жалпы жер көлемі 45404 га, оның ішінде: ауылшаруашылығына жарамды жер көлемі 39719 га; жайылымдар 92 794 га; шабындықтар 1120 га.
Мал басы туралы.
2021 жылдың 1 қаңтарына шаруа қожалық және үй шаруашылықтарындағы жалпы мал басы саны, оның ішінде: ірі — қара 539 бас немесе 101,3 пайызға өсім байқалады; қой-ешкі 2610 бас немесе 88,7 пайызға төмендеп отыр; жылқы 567 бас немесе 114,5 пайызға өсім байқалады; құс 235 бас, немесе 102,6 пайызға өсім байқалады; түйе 2 бас немесе 25 пайыз.
Ірі қара малын селекциялық-асылдандыру жұмыстары туралы бойынша.
Жалпы аналық сиыр саны 323 бас оның ішінде, 2020 жылы тұқымды түрлендіру жұмыстарына 4 шаруа қожалық бойынша, 147 аналық бас қатысуда, немесе 46 пайыз. Оның ішінде: «Ақүңгір» ш/қ — 50 аналық бас; «Ахметова У» ш/қ — 23 аналық бас; «Бекзат-Бекмырза» ш/қ — 50 аналық бас; «Жаппасбаева А» ш/қ — 24 аналық бас.
Субсидия туралы.
2020 жылы 3 шаруа қожалықтың 97 аналық басына 970 мың теңге субсидия төленді, оның ішінде: «Ахметова У» ш/қ — 23 аналық басқа, 230 мың теңге немесе 100%; «Бекзат-Бекмырза» ш/қ — 50 аналық басқа, 500 мың теңге н/е 100%; «Жаппасбаева А» ш/қ — 24 аналық басқа, 240 мың теңге н/е 100%. «Ақүңгір» ш/қ — 50 аналық басқа субсидияны жыл соңына дейін алады.
Нәтижелі жұмыспен қамту «Еңбек» бағдарламасы арқылы несиелендіру туралы.
«Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ арқылы несиелендіру үшін 2020 жылғы жоспар 8 млн. теңге, 12 айдағы орындалысы 24 млн. 400 мың теңге. «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ арқылы, «Бекзат-Бекмырза» ш/қ 12 млн. теңгеге, Қоскөл селолық округінен ІҚМ 40 бас аналық сатып алды. Сонымен қатар, «Қыпшақбаев Ж» ш/қ 4 млн. теңгеге, 10 бас жылқы сатып алды. «Атеева Н» ш/қ 6 млн. теңгеге, Сарысу селолық округінен 138 бас аналық қой, 6 бас қошқар сатып алды. «Балабиев М» ш/қ 2 млн. 400 мың теңгеге, 6 бас жылқы сатып алды. «Жакупов О» ш/қ өз қаражатына 600 мың теңгеге 1 бас асыл тұқымды бұқа (ангус) сатып алды.
Ауыл шаруашылық өнімдерінің өндірісі туралы бойынша.
2020 жылдың 12 айында жалпы ет өнімдерінен 57 млн. 94 мың теңгеге, сойылған салмақта 36,7 тонна ет өнімі өндірілді, оның ішінде: ірі қара мал еті 16 млн. 800 мың теңгеге, 10,5 тонна ет; жылқы еті 16 млн. 200 мың теңгеге, 9 тонна ет; қой — ешкі еті 24 млн. 94 мың теңгеге, 17,2 тонна ет өнімі өндірілді.
Сүт өнімдері туралы бойынша.
2020 жылдың 12 айында сүт өнімдерінен 16 млн. 367 мың теңгеге 20,1 тонна әртүрлі сүт өнімдері өндірілді, оның ішінде: қымыз — 7,6 тонна сиыр сүті — 12,5 тонна, 1,2 тонна қаймақ, 1,6 тонна қолдың майы, 4,9 тонна ірімшік өндірілді, 4,8 тонна құрт өндірілді.
Бау-бақша өнімдері туралы.
2020 жылы 4 га жерге картоп, 8 га жерге бау-бақша отырғызылды. Бау-бақшадан орташа түсім — 112 ц болды, өндірілген өнім көлемі 60 тонна. Картоптан орташа түсім — 80 ц болды, өндірілген өнім көлемі 32 тонна.
ТҮКШ, ЖК, АЖ және ТҮИ саласы және Электр ток жүйесі туралы.
Орталықтандырылған ток көзін пайдаланушылар саны — 320 тұрғын. Трансформаторлар саны 6, оның ішінде: Ақтас кентінде 3 дана, Пионер ауылында 3 дана. Ақтас бойынша 2 электр ток жүйесі өтуде жалпы қашықтығы 5,4 км, олар: 0,4 кВ — 0,3393 га, 0,6 кВ — 0,1159 га, Пионер бойынша 1 электр ток жүйесі өтуде жалпы қашықтығы 3,6 км 0,6кВ-0,2387 га. Бүгінгі күні кенттің ішкі ток желілерінің тозығы жетіп, күрделі жөндеу жұмыстарын қажет етеді. Көше жарықтарын қамтамасыз ету үшін 68 жарық шам бағандары бар. 2020 жылдың маусым айында Пионер бөлімшесінде 1 млн. теңгеге, 18 дана жаңадан светодиодтық жарық шамдар орнатылды. Сонымен қатар, шілде айында Ақтас кентінде 1 млн. 900 мың теңгеге 20 дана жаңадан светодиодтық жарық шамдар орнатылды және 1 млн. 163,5 мың теңгеге, Аманкелді көшесіндегі светодиодтық жарық шам бағандарының жаңадан электр сымдары айырбасталды. Жұмыстарды орындаған мердігер «Горэлектросети» ЖШС. 2020 жылдың желтоқсан айында үнемделген қаржы есебінен көше жарық шамдарын күтіп-ұстау үшін 190 мың теңгеге «Горэлектросети» ЖШС-мен келісім-шарт жасалды. 2020 жылдың қаңтар айында көше жарық шамдарына кеткен электр энергия шығындары үшін 300 мың теңгеге және Ақтас кенті әкімдігі ғимаратына кеткен электр энергия шығындары үшін 150 мың теңгеге «Казэнергоцентр» ЖШС-мен келісімшарт жасалып, шығындар жыл көлемінде толығымен өтелді.
Ауыз су мәселесі туралы бойынша.
Ақтас — Пионер ауызсу құбырлары жерасты арқылы тартылған. Жалпы қашықтығы — 5,5 шақырым, Ақтас кенті 3 км, Пионер бөлімшесі 2,5 км. Су таратқыш колонка саны — 20, оның ішінде: Ақтас кентінде — 12, Пионер ауылында — 8. Ақтас кентінде 14 тұрғын-үйге, Пионер бөлімшесінде 2 тұрғын үйге ауызсу кіргізілген. 2020 жылы Ақтас — Пионер ауылдарын ауызсумен қамтамасыз ету үшін 3 млн. 53 мың теңгеге «Жезбұлақ» КГП-мен келісім-шарт жасалды. 2020 жылдың мамыр айында «Жезбұлақ» мекемесінен бригада келіп 13 колонка сырланып, 4 колонка қалыпқа келтірілді. Желтоқсан айында Пионер бөлімшесіндегі су сақтау мұнарасының сыртқы қаптамасы қалыпқа келтірілді.
Жол қатынасы туралы бойынша.
Кент аумағында жолдың жалпы қашықтығы 25 км, оның ішінде: Ақтас – Пионер арақашықтығы 20 км, Пионер бөлімшесінен «Жезді — Қоскөл» көтерме жолына қосылатын арақашықтық 5 км көтерме жол кіреді. 2020 жылы 11 шақырым көтерме жолды күтіп-ұстау үшін мемлекеттік сатып алу заңына сәйкес, конкурс рәсімдері бойынша жариялау қаңтар айында беріліп, қорытындысы бойынша 2 млн теңгеге «Інжу» ЖК келісімшарт жасалды. Сонымен қатар, қыс-көктем мезгілдерінде 25 км жолды күтіп-ұстау үшін 1 млн. 500 мың теңгеге «Төлеубаев» ЖШС келісімшарт жасалды. Ақтас-Пионер арақашықтығы 20 км. құрайды. Оның ішінде, 6 км көтерме жол, 14 км дала жолы. Осы 14 км жолға күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін сәуір айында 1 млн. 820 мың теңгеге «Нұрлы Жер Project» ЖФ ЖШС-мен келісімшарт жасалып, жерге орналастыру жобасы, жер пайдалану құқығын беретін АКТ әзірленді және кент әкімдігінің балансына қабылданды. Осы жұмыстар атқарылғаннан кейін, Пионер-Ақтас бағытындағы 14 км жолға күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін қыркүйек айында 6 млн. теңгеге, «НИПиЭ Апогей» ЖШС-мен келісім-шарт жасалып, ЖСҚ әзірленді. ЖСҚ-ға қажетті қосымша жұмыстар үшін техникалық жағдай әзірлеу үшін 1 млн. теңгеге, «КазСтройАудит» ЖШС келісімшарт жасалды. Сонымен қатар, ЖСҚ мемлекеттік сараптамадан өткізу үшін желтоқсан айында 2 млн. теңгеге, «Fast expert» ЖШСмен келісімшарт жасалып, жұмыстар жүргізілуде. Пионер-Ақтас бағытындағы 11 км көтерме жолға ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге сметалық құжаттама жасату үшін қыркүйек айында 1 млн. теңгеге «НИПиЭ Апогей» ЖШС келісім-шартқа отырып, сметалық құжаттама әзірленді.
Абаттандыру мен көгалдандыру бойынша.
Кентті абаттандыру және көгалдандыру бағдарламасы бойынша қаңтар айында 250 мың теңгеге «Мухамедин Е» ЖК бильбордтар мен баннерлерді дайындау үшін келісімшарт жасалды. Көрнекі ақпараттарды жариялауға арналған жаңадан баннерлер қондырғысын орнату және ескі баннерлер қондырғысын қайта қалыпқа келтіру үшін қыркүйек айында 982 мың теңгеге «Магзумов» ЖК келісім-шарт жасалып, жұмыстар атқарылды. «Қатысу бюджеті» арқылы Ақтас кентіндегі балалар ойын алаңына ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін қыркүйек айында 1 млн. 339 мың теңгеге келісім-шарт жасалып, жұмыстар атқарылды.
2020 жылғы көктемгі екі айлық тазалық жұмыстары бойынша облыстық, аудандық сенбілік және таза бейсенбі күндері тұрақты түрде жүргізіліп отырды. Кентте тұрғынүй, мектеп, шағын орталық, саябақ, кенттік клуб үйі және әкімдік ғимараттары уақытылы ақталып, аулалары дер кезінде тазартылып отырды және 6 көшеаралық жолдарға да тазарту жұмыстары жүргізілді. Жалпы, көктемгі екі айлық тазалық жұмыстары кезінде 1775 тонна күл-қоқыс шығарылды. Елді-мекендерді санитариялық тазалау жұмыстары бойынша мамыр айында 1 млн. 900 мың теңгеге, «Дарын» шаруа қожалығымен келісімшарт жасалып, 4 иесіз тұрған ескі үйлер және заңсыз жерге төгілген күл-қоқыстар шығарылып, тазартылды. Кент аумағында жалпы 5 саябақ орналасқан, оның ішінде: Ақтас кентінде 2 саябақ, Пионер ауылында 3 саябақ бар. Барлық саябақтардың сырты қоршалған. Ақтас кентіндегі Жастар және Ауыл саябақтарындағы талдарды суару үшін су құбырлары жаңадан айырбасталып және ауыл тұрғындарына бау-бақша суару үшінде пластикалық құбыр тартылды. Пионер ауылындағы саябақтар тоғаннан аққан арық арқылы суарылады. Сәуір-мамыр айларында Ақтас кентіндегі «Ауыл» саябағының ішіне ауыл тұрғындарымен бірігіп 100 түп терек ағаштары отырғызылды. Сонымен қатар, желтоқсан айында үнемделген қаржы есебінен 393 мың теңгеге, «ГИС-Жез» ЖШСмен келісімшартқа отырып Пионер бөлімшесіне 11 түп қарағай ағаштары отырғызылды.
Әлеуметтік сала бойынша.
Халық саны 331 адам, оның ішінде: еңбекке жарамдылар 165 адам. Мүмкіндігі шектеулі жандар саны 11 адам, үкімет тарапынан ай сайын уақытылы жәрдемақыларын алуда. Зейнеткерлер саны (70 жастағылар) 18 адам. Көпбалалы аналар саны (алтын алқа және күміс алқа иегерлері) 16 адам.Тыл ардагерлер саны 4 адам. Кәмелетке толмаған және одан да көп балалары бар отбасылар саны 8 отбасы. Табыстары кедейшілік деңгейінен төмен отбасылар саны 2 отбасы. Атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылар саны — 1 отбасы. Мемлекеттік әлеуметтік көмек алатын отбасылар саны – 1 отбасы, 2 бала. 2020 жылы жұмыссыздыққа 10 адам тіркелді, 4 адам маусымдық жұмысқа орналасты. «Жұмыспен қамту жол картасы-2020» бағдарламасы арқылы Жезді кентінде 1 адам, Қарсақбай кентінде 2 адам жұмыс атқарды. Сәуір-мамыр-маусым айларында «Covid-19» пандемиясына байланысты республика бойынша төтенше жағдай жарияланған болатын. Осы уақыт аралығында «Біз біргеміз» республикалық акциясы аясында кент әкімдігінің ұйымдастыруымен көпбалалы және тұрмыс деңгейі төмен 10 отбасыға, 2 мәрте азық-түлікпен көмек көрсетілді. «Nur Otan» партиясының бастамасымен осы 10 отбасыға 10 қап ұн таратылды. Сонымен қатар, ауылымыздың бір топ шаруа қожалық иегерлері, атап айтсақ: «Қарпық» шаруа қожалығы, «Қолғанатова» ш/қ, «Баязиев» ш/қ, «Есильбаев» ш/қ, «Шойтасова» ш/қ, «Қыпшақбаев» ш/қ, «Ермаганбетов» ш/қ және «Искендиров» ш/қ Жезқазған қаласының «Көпфункционалды ауруханасына» қымыз және қой етімен көмек көрсетті.
Білім саласы бойынша.
Кентте 2 мектеп және 2 шағын орталық жұмыс атқарады. Оның ішінде: №12 Ақтас Негізгі мектебі жанындағы «Күншуақ» шағын орталықта 5 бала тәрбиеленуде, жас ерекшеліктері 3-5 жас және 2 тәрбиеші жұмыс атқаруда. Жалпы сыйымдылығы 40 бала. №5 Пионер Негізгі мектебі жанындағы «Балауса» шағын орталықта 10 бала тәрбиеленуде, жас ерекшеліктері 3-5 жас және 2 тәрбиеші жұмыс атқаруда. Жалпы сыйымдылығы 35 бала.
№12 Ақтас негізгі мектебі 9 жылдық. Оқушылар саны – 22 бала, мұғалімдер саны – 9. Мектеп бойынша патронаттық тәрбиеде 1 оқушы, аз қамтылған — 8, көпбалалы отбасыдан шыққан оқушы саны4. Толык емес отбасы-1. 2020 жылы мектепке жаңадан 7 компьютер және 5 ноутбук берілді.
Қысқы жылу беру маусымына 120 тонна көмір толығымен түсіріліп, жылу бірқалыпты берілуде. 2020 жылдың маусым айында №12 Ақтас мектеп ішіне әжетхана кіргізіліп, жөндеу жұмыстары аяқталды.
№5 Пионер Негізгі мектебі 9 жылдық, оқушылар саны – 28 бала, мұғалімдер саны – 11. Жалпы, мектепте 15 компьютер бар, оның ішінде интернет желісіне 6 компьютер қосылған. Бір компьютерге 5 оқушыдан келеді. Қысқы жылу беру маусымына 100 тонна көмір толығымен түсіріліп, жылу бірқалыпты берілуде. 2020 жылы мектеп ғимаратының екінші корпусына жөндеу жұмысы жүргізілді, мектеп ішіне су тартылып, мектеп дәретханасы іске қосылды. 2020 жылдың қыркүйек-желтоқсан аралығында республикалық бюджеттен 7 компьютер, 5 ноутбук бөлінді.
Мәдениет саласы бойынша.
Кентте 1 клуб үйі және 2 кітапхана халыққа қызмет көрсетеді. Атаулы барлық мерекелік іс-шаралар жаһандық пандемияға байланысты тоқтатылды. Алайда, барлық мерекелік іс-шаралар және құттықтаулар онлайн форматта өткізіліп, Ақтас кенті әкімдігінің әлеуметтік желідегі «Facebook» парақшасына тұрақты түрде жүктеліп отырды.
Денсаулық сақтау саласы бойынша.
Ақтас кенті мен Пионер ауылында 2 медбибі жұмыс атқаруда. Ақтас кентіндегі медбибі кент әкімдік ғимаратында отырады, Пионер ауылындағы медбибі мектеп ғимаратында отырады. Жүкті аналар есепке алынып, қадағаланып отырады. Жыл басынан босанған әйелдер саны – 1 адам жүкті әйелдер саны — 2 адам, қайтыс болғандар саны – 2 адам. Сары ауру және туберкулезбен ауыратын адамдар тіркелген жоқ. 2020 жылы «Covid-19» пандемиясы кезінде Ақтас-Пионер тұрғындары арасынан жұқтырған адам тіркелген жоқ. Пандемия кезінде карантиндік барлық талаптар сақталды және сақталуда. Сонымен қатар, сәуір-мамыр-маусым айларында ауылдын бір топ әйел азаматшалары қорғаныш бетперделер тігіп, жергілікті тұрғындарға тегін таратылды. Барлық мемлекеттік мекемелерде, сауда орындарында санитарлық талаптар күшейтілді, антисептиктер қойылды және дене қызуын өлшейтін термометрқұралдармен қамтылған. Қыркүйек айында ауданнан жылжымалы флюора және жылжымалы дәріхана келіп жергілікті тұрғындарға қызмет көрсетті.
Байланыс саласы бойынша. Ақтас кентінде «Қазақтелеком» АҚ-ның «ДАМА» спутниктік байланыс желісі арқылы телефон байланысымен қамтылғандар саны 8 тұрғын-үй, оның ішінде: жеке тұрғын-үй 6, мекемелер 2 және Пионер елді мекенінде «Қазақтелеком» АҚ-ның «Skyadge» спутниктік байланыс желісі арқылы телефон байланысымен қамтылғандар саны 12 тұрғын үй. Қыркүйек-қазан-қараша айларында Пионер бөлімшесіне 18 тұрғын үйге кеңжолақты интернет тартылып, WI-FI қондырғысы орнатылып, тұрғындарға интернет таратылуда. Кент аумағында «Казтелерадио» АҚ станциясы арқылы республикалық 2 телеарна халыққа ұсынылуда, олар: «Қазақстан» және «Евразия» телеарналары. Негізінен тұрғындардың 99%-ы «Отау ТВ» жерсеріктік телевизиясына қосылған.
Қоғамдық тәртіп саласы бойынша.
Кентте жергілікті учаскелік полиция инспекторы жоқ болғандықтан, Қарсақбай кентінің жергілікті учаскелік полиция инспекторы қадағалау жүргізеді. Мал ұрлығының алдын алу және малды бақтырту жұмыстарын жүргізу мақсатында жергілікті учаскелік полиция инспекторымен бірігіп, тұрғындармен жыл басынан бері бір жиын ұйымдастырылды.