Қарашаңырақтың екінші тынысы ашылды
Қарсақбай кентінің әкімі Аян Есенғалиұлының 2020 жылы атқарған жұмыстары туралы қорытынды есебі
Қарашаңырақ Қарсақбай кентінің 2020 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуын қорытындылай келе, өткен жыл біз үшін, тіпті күллі әлем үшін оңай болмағанын айтып өту керек. Дүние жүзін дүрліктірген коронавирус пен осы кеселмен қабаттаса келген дағдарыс біз тұрмақ тұтас әлемдік экономикаға жағымсыз ахуалдар орнатты. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтып өткендей, біздің елімізде де жер-жаһанға зор қауіп төндірген пандемияға қарсы күрес әлі де жалғасуда. Біз азаматтардың өмірін және денсаулығын қорғау үшін бар күш-жігерімізді біріктірдік. Осындай сын сағатта ынтымағы жарасқан халқымыз жұдырықтай жұмылды. Қазіргі күрделі жағдайда алдымызда тұрған басты міндет – әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты, жұмыс орындарын және халықтың табысын сақтап қалу. Біз азаматтарымыздың лайықты өмір сүруіне жағдай жасауға, олардың құқықтарын қорғауға, заң үстемдігін қамтамасыз етуге, жемқорлыққа қарсы күресті күшейтуге міндеттіміз. Осы тұрғыдан келгенде Қарсақбай кентінде ауқымды жұмыстар атқарылды. Дағдарысқа қарсы бағытталған мемлекеттік бағдарламалар қарашаңырақтың да екінші тынысын ашты. Енді сол жұмыстарды егжей-тегжейлі баяндап өтейін.
Қарсақбай кенті Жезқазған қаласының батысына қарай 80 шақырым жерде, Қумола өзені бойында орналасқан. Бүгінгі күні кент әкімшілік – аймақтық бөлініске сәйкес Қарағанды облысының Ұлытау ауданы құрамына кіреді. Кент аумағы Жезді, Ақтас кенттері мен Жанкелді, Мибұлақ селолық округ жерлерімен шекараласады. Қарсақбай кентінен аудан орталығы Ұлытау селосына дейін 110 шақырым, облыс орталығы Қарағанды қаласына дейін 650 шақырым. Қарсақбай кент аумағында 1500 адам тұрады.
Кент аумағында кент әкімшілігі, «Қазақмыс» Корпорациясының Қарсақбай металлургия зауыты, Агротехникалық колледжі, Ж.Жабаев атындағы №15 Қарсақбай орта мектебі, Отбасылық дәрігерлік емхана, «Балдәурен» балабақшасы, №58 өрт сөндіру бөлімі, Қ.И.Сәтбаев атындағы мұражай үйі, Казпошта бөлімі, Қазақтелеком, Болман ақын атындағы мешіт, кітапхана, жеке меншік дүкендер, полиция бөлімшесі, жазғы саябақ, Мәдениет үйі және Қарсақбай теміржол станциясы жұмыс жасайды.
Әкімшілік қызмет
Кент әкімдігінде 14 адам жұмыс жасайды. Оның сыртында 3 әлеуметтік қызметкер, Қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің Қарсақбай кентіне қарасты есепке алу жөніндегі инспекторы, «Ұлытау ауданы Жастармен жұмыс жасау орталығы» ММ-нің Қарсақбай кенті бойынша жастармен жұмыс жасау инспекторы, Ұлытау аудандық ветеринариялық станциясына қарасты 3 қызметкер, 1 пошта қызметкері. Қарсақбай кент әкімдігі өз жылу қазандығынан жылытылады. 2020-2021 қысқы жылу беру маусымына 35 тонна көмір түсірілді. 2020 – 2021 жылдарға жылу беру науқаны 2020 жылдың 15 қазанында басталды.
Кент әкімдігіне жеке және заңды тұлғалар тарапынан 2020 жылы жалпы 9 өтініш тіркелді. Өтініштің басым бөлігі тұрғын үйдің құжаттарын заңдастыру жөнінде. Бүгінгі күні өтініштердің барлығы толығымен қанағаттандырылды.
Өндірістік сала
Бүгінгі таңда кентімізде өндіріс саласы, яғни Қарсақбай металлургия зауыты жұмыс жасайды, 175 адам еңбек етеді, 2020 – 2021 жылдарға жылу беру науқаны 2020 жылдың 15 қазанында басталды. ҚМЗ-ның орталық жылу қазандығы арқылы жылытылатын мекемелер: №58 ӨСБ, Отбасылық дәрігерлік амбулатория және 29 тұрғын — үй. Қарсақбай металлургия зауыты тарапынан жылу жүйесі кестеге сай берілді. 5500 тонна көмір түсірілді.
Білім саласы Оқушыларға сапалы білім мен тәрбие беруде кентте Агротехникалық колледж, Ж.Жабаев атындағы №15 орта мектеп, «Балдәурен» балабақшасы жұмыс жасайды.
«Ж.Жабаев атындағы №15 Қарсақбай ЖОББ мектебі базасындағы Тірек мектебі (ресурстық орталық)» КММ; Оқыту тілі – қазақ және орыс тілінде. Мектептің жобалық сыйымдылығы 300 адамға арналған. №5 Пионер ЖОББ негізгі мектебі, №11 Қоскөл ЖОББ мектебі, №12 Ақтас ЖОББ негізгі мектебі, №17 Байқоңыр ЖОББ мектептері Ресурстық орталық құрамына кіреді.
Мұғалімдер саны-38. Кіші қызметкерлер-29, барлығы -67 қызметкер. Жоғары санатты-12, І санатты-9, ІІ санатты — 7, санаты жоқтар-8. Жас мамандар-8. Тех персоналдар саны – 30. І-тоқсанда тек 1-4 сынып оқушылары мектепте оқытылды, қалған сыныптар қашықтықта оқытылды. ІІ тоқсаннан бастап барлық сыныптар толық оқытылып жатыр, бір сыныпта 15 баладан оқытылады.
Мектеп түлектері: 2021 жылы 11 сыныпты 8 оқушы, 9 сыныпты 18 оқушы бітіреді. «Алтын белгі» –1. Білім сапасы 2019 жылы 63,2% болса , 2020 жылы 64%- ды құрайды.
Инклюзивті оқу -1 оқушы үйден оқытылады. /5 сынып Қыдырәлі Ә./, ЕББҚ- Жантөре – 1 сынып, Қалмұрзаев Н.- 9 сынып/ Барлығы -3
Жағдайы төмен отбасылар: мектеп бойынша көп балалы отбасынан — 67 бала, аз қамтылғандар — 6, толық емес отбасынан — 11; Барлығы -84.
2020-2021 жылдарға қысқы жылу беру маусымына 150 тонна көмір түсірілді. Маусымдық жұмысқа қоғамдық жұмыс арқылы 4 азамат жұмысқа тартылды.
Қарағанды облысы Ұлытау ауданындағы «Қарсақбай агротехникалық колледжі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі аудан көлеміндегі техникалық және кәсіптік білім беріп, мамандар даярлайтын бірден-бір оқу орны. Колледж Қарсақбай кентінде Сәтпаев көшесі бойында 7 ғимаратта орналасқан: Жалпы ауданы 5150 шаршы метр құрайды. Колледжде 16 оқу пән кабинеттері, екі қабатты оқу корпусы, оқу шеберханалары, оқу зертханалары, спортзал және жатақхана, арнаулы пәндер оқу кабинеттері, әкімшілік корпусы және асхана, автогараждар және ауылшаруашылық машиналар боксы бар. Колледж автономды түрде жылытылады, 2 жылу қазандығы жұмыс істейді. 2020 – 2021 жылдарға қысқы жылу беру маусымына 550 тонна көмір түсірілді. Жылу қазандығы орналасқан ғимаратта ағымдағы жөндеу жұмыстары жылда жасалынып тұрады. 2020 — 2021 оқу жылында 134 студент білім алуда. Карантинге байланысты студенттерге ыстық тамақ берілген жоқ, ыстық тамаққа бөлінген қаражат әр студенттің жеке есеп шотына аударылып отыр. Шәкіртақы сомасы 21 787 т құрайды. Білім сапасы 2020 жылға 43% құрайды. Ұлытау ауданындағы Қарсақпай агротехникалық колледжінің басты мақсаты елімізде бәсекеге қабілетті кәсіпқой мамандарды дайындау, еңбек рыногын кәсіпқой мамандармен толықтыру.
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың маңызын арттыру үшін «Балдәурен» балабақшасы жұмыс жасайды. Балабақша сыйымдылығы-105
- Тізім бойынша бала саны – 82 бала
- Балабақшада барлығы — 4 топ бар
- Педагогтар саны-33
- Жоғары білімдісі – 10, арнаулы орта – 6.
- Жоғары санатты –0, І санатты – 1, ІІ санатты – 9, санаты жоқ – 4.
Мектепке дейінгі білім беру ұйымда мемлекеттік стандартты игертуде толық жағдай жасалған. Тәрбиеленушілердің жан-жақты дамуына арналған іс-шаралар ата-аналармен бірлесіп өткізіледі. Балабақша жарнасы 7000 теңге. Балабақшада оқу жылында ұйымдастырылған оқу-тәрбие жұмыстары, мерекелік іс-шаралар жоспарлы түрде жүргізіліп отырады. Мектепке дейінгі білім беру ұйымында мемлекеттік стандартты игертуде толық жағдай жасалған. Тәрбиеленушілердің жан-жақты дамуына арналған іс-шаралар ата-аналармен бірлесіп өткізіліп тұрды. Ұлытау ауданы әкімдігінің Ұлытау ауданы білім бөлімінің «Балдәурен» балабақшасы КМҚК 2020 жыл «Марганец ЖШС» 8938,0 теңгеге модульдік қазандық орнатылды, 120 тонна көмір түсірілді, маусымдық жұмысқа қоғамдық жұмыс арқылы 4 азамат жұмысқа тартылды.
Әлеуметтік сала
Халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік саясатын іске асыру мақсатында Халықты жұмыспен қамту туралы Заңының 28 бап, 2 тармақ, 1 тармақшасына сәйкес, 2020 жылда кент бойынша барлығы 13 адам жұмыссыздыққа тіркеліп, оның ішінде 8 адам мекемелердегі жарияланған бос жұмыс орындарға тұрақты жұмысқа орналасты.
«Мектепке жол» дәстүрлі республикалық қайырымдылық акциясы бойынша кенттегі мекемелер мектеп қабырғасындағы оқушыларды мектепке қажетті құрал-жабдықтар және киім-кешекпен қамтамасыз етті.
Мәдениет саласы
Мәдениет үйі де бүгінгі күні кент тұрғындарына қалтқысыз қызмет көрсетуде. Қарсақбай кенті Мәдениет үйінде 12 адам жұмыс істейді. Қазақстан Республикасының Президенті бекіткен ұлттық және кәсіби мерекелерге байланысты іс-шаралар және басқа да іс-шаралар ұйымдастырылып тұрады.
Онлайн түрде 46 мерекелік іс-шара өтті. Оған қатысқандар саны – 230 адам. Оның ішінде балаларға арналған 11 іс-шара өткізілді. Балалармен өткізілген іс-шараға қатысқандар саны –109 бала.
2020 жылы Ұлытау аудандық мәдениет үйінен 11 млн теңге қаражат бөлініп, Қарсақбай кенті Мәдениет үйіне ТОО «Марганец шектеулі серіктестігі» модульдік жылу қазандығын салды. 100 тонна көмір түсірілді. 6 қазан күні іске қосылып, маусымдық жұмысқа қоғамдық жұмыс арқылы 3 азамат жұмысқа тартылды.
Коммуналдық сала
— Тазартылған аумақ – 1500 га
— Жөнделген жарық көздері – 30 дана
— Отырғызылған ағаштар – 20 дана
— Шығарылған қоқыстар – 1250 тн
— Әктелген үйлер – 190
— Әктелетін жол жиектері (бордюр) болмағандықтан 100 ағаштар мен 100 бағаналар әктелді.
— Жаңартылған билборд, баннерлер – 5
— Жазғы саябақты көріктендіру, абаттандыру жұмыстары толық аяқталып, салтанатты түрде ашылу салтанаты болды. Қоғамдық жұмыс арқылы 11 адам жұмысқа тартылды.
— Денешынықтыру және спорт кешенінің құрылыс жұмысы әлі жүріп жатыр.
— Санитарлық тазалау жұмыстары жүргізілді, атап айтқанда 2 млн 500 мыңға бұзылған және иесіз қалған бос үйлермен ғимараттар тазартылды.
— 39 бағанаға жаңа шамдар салынып, сонымен қатар ауыстырылды.
Ветеринария саласы
2020 жылы сырғаланған мал бастары және бірдейлендіру базасына енгізу жұмыстары:
ІҚМ жылдық жоспар –3000 бас, орындалысы – 100 %.
Ұсақ мал жылдық жоспар – 7058 бас, орындалысы – 100 %.
Жылқы жылдық жоспар – 1000 бас, орындалысы – 100 %.
Түйе жылдық жоспар – 18 бас, орындалысы – 100%.
2020 жылы мал басын егіп-емдеу жұмыстарының орындалысы (монипуляцияландыру ветеринарлық профилактика және диагностика):0
Профилактика:
ІҚМ-Сібір жарасы жылдық жоспар – 3000 бас, орындалысы – 100 %
Ұсақ мал — Сібір жарасы жылдық жоспар – 7000 бас, орындалысы – 100%.
Жылқы сібір жарасы жылдық жоспар – 1 000 бас, орындалысы – 100%.
10 қаңғыбас және бос жүрген иттер уланып, дезинфекция жасалынып, мал қорымына тасталды.
Қоғамдық тәртіп
ҚР ӘҚБТК-ң баптары бойынша 65 азаматқа әкімшілік хаттама толтырылды. Кент бойынша 1 қылмыс тіркелді. Шетел азаматтары жоқ. Есепте: жасөспірімдер бойынша 1 бала, отбасы шырқын бұзған 1 азамат есепте тұр.
№58 өрт сөндіру бөлімінде 21 адам жұмыс істейді.. Жаз айларында 5 дала өрті тіркеліп, Қарсақбай кенті №58 өрт сөндірушілері мен ерікті өрт сөндіру тобының арқасында тілсіз жау уақытылы тоқтатылып отырды.
Денсаулық саласы
Дәрігердің қабылдауында болған -2720, жүкті болып тіркелгендер – 25, дүниеге келген нәрестелер – 20, скринингтік тексеруде болғандар – 240, ЭКГ-дан өткендер – 385, рентгеннен өткендер – 620, ауруханаға жатқызу бюросының порталы арқылы емделгендер – 63, квота бойынша – 3, оңалту – 15.
Қорғаныс саласы
2012 жылғы 16 ақпандағы № 561 – IV «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі» туралы Заңына сәйкес 2002-1993 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштер қатарына әскери қызметке шақыруды өткізу туралы іс-шараларына және кезекті мерзімді әскери қызметке медициналық сараптамадан өтуге Ұлытау ауданы Қорғаныс істері жөніндегі бөліміне 2020 жылы кезекті мерзімге әскери шақырушылардың саны тізім бойынша – 22 азамат. Медициналық сараптамадан өтуге – 20 азамат шақырылып, нақты сараптамадан өткені – 18 азамат. Әскери борыштарын өтеп келген азаматтар – 3.
Қорыта айтқанда, біз өткенді қорытындылап, 2021 жылға арналған жоспарды да саралағалы отырмыз. Кенттің даму мүмкіндігі зор екенін сеніммен айта аламын. Қарашаңырақтың жаңғыру жолына түскені осы жылы атқарылған жұмыстардан анық білінеді.
Біз ҚР Тұңғыш Президенті — Елбасы Н.Назарбаевың және ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың Жолдауында халықпен тиімді кері байланыс орнату, қоғамдық келісімді нығайту, азаматтардың құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету, отбасы және бала институтын қолдау, әлеуметтік көмек көрсету жүйесін дамыту, шикізатқа байланған менталитеттен бас тартып, экономиканы әртараптандыру, сыбайлас жемқорлықпен жан-жақты күресу және жергілікті билік органдары жұмысының тиімділігін арттыру міндеттерін жүзеге асыру үшін белсенді жұмыс істеуіміз керек.