Алғыс білдіреміз

2023 жылдың сәуір айының соңында Ұлытау облысы Ұлытау ауданы Қарсақпай кентінде, Бозтұмсық кентінде, Егінді кентінде жергілікті атқарушы органдарымен өзара іс — қимыл жасай отырып, қаржылық мониторингі органдарының қызметі, сондай-ақ халықтың қаржылық қауіпсіздігі мен сауаттылығы мәселелері бойынша профилактикалық және ағарту жұмыстарын жүргізу үшін Ұлытау облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің (бұдан әрі — Департамент) келесі құрамы қатысуы қамтамасыз етілді:
— Басқарма басшысы, экономикалық тергеп-тексеру қызметінің полковнигі И. М. Жұмажанов,
— аса маңызды істер жөніндегі жедел уәкіл, экономикалық тергеп-тексеру қызметінің подполковнигі Н.Т.Бейспеков.,
— бас маман Әлсейт Қ.Ә.
Департаменттің аталған тобы Ұлытау облысы Ұлытау ауданының Егінді кентіндегі № 8 мектеп, Бозтұмсық кентіндегі № 4 мектеп, Ж. Жабаев атындағы № 15 мектеп жоғары сынып оқушыларымен және Қарсақпай кентінің агротехникалық колледж студенттерімен дәрістер өткізілді.
Сонымен қатар, Қарсақпай кентінің мәдениет үйінде және Егінді кентінің № 8 мектебінде жергілікті тұрғындармен және «Қарсақпай кентінің әкімдігі», «Қарсақпай кентінің Мәдениет үйі», «Қарсақпай кентінің кітапханасы», «Қарсақпай металлургия зауыты», Қарсақпай кентінің «Балдәурен» балабақшасы, Қарсақпай кентінің «Отбасылық-дәрігерлік амбулаториясы» КМҚК «Егінді кентінің әкімдігі», «Егінді кентінің әкімдігінің мәдениет үйі», Егінді кентінің «Отбасылық-дәрігерлік амбулаториясы» КМҚК,» «Егінді кентінің кітапханасы» ұйымдарының өкілдерімен кездесу өтті
Аудитория бірінші кезекте қаржылық мониторингі жөніндегі органдардың қызметі, жұмыстың негізгі міндеттері мен нәтижелері туралы ақпаратпен танысты.
Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторингі агенттігінің және Департаменттің бейнематериалдарын көрсету арқылы азаматтарды қаржы «пирамидаларының» қызметіне тарту фактілерін болдырмауға бағытталған, жүргізілетін профилактикалық іс-шаралар жария етіліп, назарға жеткізілді.
Департамент қызметкерлерінің дәрістері мен сөз сөйлеуі барысында жастар арасында қаржылық қауіпсіздік пен сауаттылық, сондай-ақ ойынға тәуелділік (лудомания) бойынша түрлі мәселелер қозғалды. Осы кездесулердің барлық қатысушылары осы тақырыптар бойынша дәрістерге шынайы қызығушылық танытып, түрлі сұрақтар қойып, қанағаттанарлық жауаптар алды.
Бұрынғы Жезқазған облысы мен Қарағанды облысының тұрмысында экономикалық құқық бұзушылықтарға қарсы іс-қимыл саласындағы құқық қорғау органдары өкілдерінің шалғай елді мекендердің тұрғындарымен мұндай сапарлары мен кездесулері болған жоқ.
Осыған байланысты, аудан жұртшылығы атынан Департамент қызметкерлеріне осы іс-шараларды өткізгені үшін шын жүректен алғыс сөздерін білдіреміз және оларға жұмыста үлкен табыс, сондай-ақ белгіленген мақсаттарға қол жеткізуіне тілектеспіз!

Ұлытау ауданы әкімінің аппараты