Ел болашағын таңдау науқаны

«Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын түсіндіру мақсатында аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Марфуға ӘБІЛДИНА медицина саласы қызметкерлері және әлеуметтік сала мамандарымен жүздесті. Кездесу барысында үміткер «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасының басым бағыттарына тоқталды.

Алқалы жиында бағдарламаның медицина саласына қатысты салмақты тұстары кеңінен сөз болды. М.Әбілдина аудандық «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасында адам өмірін жақсартуға қандай шаралар көзделгенін тілге тиек етті. Оның айтуынша, партияның бесжылдық бағдарламасында Ұлытау селосына 25 төсектік аурухана салу және Жезді кентінің ауруханасына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарда бар. Мұнымен қоса, Байқоңыр, Қоскөл, Терісаққан, Бозтұмсық ауылдарына медициналық пункттер салу бағдарламаға енгізілгенін.

Бұдан кейін үміткер әлеуметтік сала қызметкерлерімен кездесіп жұмыспен қамту, базалық әлеуметтік қызметтер мен әртүрлі мемлекеттік шаралардың қолжетімділік мәселелерін қамтитын бағдарламалар әзірленгенін сала мамандарына баяндады.

Бас партияның сайлауалды бағдарламасының басым бөлігі – Қазақстан халқының өмір сүру жағдайын жақсартуға медицина және әлеуметтік қызметтер саласын көтеруге бағытталып отыр. Осыны негізге алған үміткер көлемді әңгіме қозғады. Сала мамандарын алаңдатып отырған түйткілді мәселелерді де тыңдап, алдағы уақытта партия назарына алынатынын жеткізді.

Бір айта кетерлігі, қос тараптың кездесуі өзара түсіністікпен өтті. Айтылған ұсыныс-тілектер де ескерусіз қалмады. М.Әбілдина партияның сайлауалды бағдарламасының салмақты жақтарына сайлаушылар назарын көбірек аудартты.

Кездесу соңында үміткер сайлаушыларды сайлауға біркісідей қатысуға, «Nur Otan» партиясын таңдауға үндеді.

Қайрат ЖҰМАБАЙ.

(Материалды жариялау төлемақысы «Nur Otan» партиясы Ұлытау аудандық филиалының қорынан төленді).