ҰЛЫЛЫҒЫМЫЗДЫҢ БЕЛГІСІ – ҰЛТТЫҚ СПОРТ Ұлытауда қарқынды дамуда
Əр халықтың мықтылығы мен тектiлiгiн, мəдениетi мен мiнез-құлқын танытатын ұлттық ойындар болатыны белгiлi. Соның iшiнде жалпы ережесi қалыптасып, жарыс күнтiзбесiне енiп, спорт түрiне айналғандары қаншама…
Негiзi қазақ халқында ел арасына кеңiнен тараған 200-ден астам ойындар бар. Оның көбi қазiргi күнi ұмыт бола бастады. Тiптi құрып кетудiң алдында. Тек, iшiнде кейбiрi ғана ұлттық спорт түрiне айналып, дамып келедi. Олардың қатарына қазақша күрес, тоғызқұмалақ, көкпар секiлдi ойындарды жатқызуға болар. Міне, осы ұлттық спорт түрлері бүгінде Ұлт ұясы – Ұлытауда қарқынды дамып келеді. Оған соңғы жылдарды əр ауылда дəстүрлі түрде өткізіліп келе жатқан ұлттық ат спорты жарыстары айқын дəлел. Дала төскін дүбірге бөлеген сол додалар биыл да өзінің жарқын жалғасын тапты.
Терісаққандағы той
Осыдан оншақты жыл бұрын Терісаққан ауылында «Терісаққан көктемі» атты этно-фестиваль өмірге келіп, ол ЮНЕСКО деңгейінде дүйім елге танылған еді. Кейін бұл фестиваль «Көкмайса» деген атаумен республикалық болып өтетін дəрежеге жетті.
Халқымыздың тұрмысы мен салтында кеңінен қолданылатын ғұрыптарды əлемдік деңгейде танытқан бұл этно-фестивальдің ауқымын кеңейіп, мазмұнын ауылдың шеңберінен шығарып берген Терісаққан ауылының тұрғындары енді ұлттық спортқа ден қойған. Осы мақсаттағы байрақты деуге болатын бəсеке биыл да сəтімен өтті.
«Байрақты» деп басымдық танытып отырған себебіміз де бар. Өйткені ауылда өтіп жүрген ұлттық спортқа бүгінде Ұлытау ауданының ғана емес Ұлытау облысынан һəм облысқа қоңсылас жатқан өңірлерден де «мен» деген спортшылар мен «аузымен құс тістейді» деген сəйгүліктер келе бастады.
Сонымен, Терісаққан ауылында өткен той биыл «Ауылым – алтын бесігім» деген атпен жалауын көтерді. Ал, оның шеңберінде қазақ күресі, қошқар көтеру, арқан тартыс, жая жүгіру сияқты ұлттық спорт түрлері мен тай жарыс, құнан жарыс, аламан бəйге, аударыспақ секілді ұлттық ат спорты өтті. Əрине, əуелетіп əн салынып, күмбірлеген күй төгіліп, мың бұралған би де биленді.
Ауылда өткен тойдың шымылдығын аудан əкімінің орынбасары Аян Абжамалов құттықтау сөзімен ашты.
– «Ауыл – ел бесігі» деп халқымыз бекер айтқан жоқ. Сондықтан ауылдағы жағдайды жақсарта алмасақ, бəрімізге сын. Сол үшін мен бүгін ауылды дамыту мəселесі туралы Жарлыққа қол қоямын. Осы құжат арқылы Үкіметке ауылды дамытудың 5 жылға арналған нақты жоспарын əзірлеуді тапсырамын. Бұл менің жаңа президенттік мерзімдегі бірінші Жарлығым болады, – деген еді Қасым-Жомарт Кемелұлы. Мемлекет басшысының осы тапсырмасына орай ауыл өмірін жақсартуға қатысты ауқымды жобалар жасала бастады. Оны ел айқын сезінетін болады. Осы бағыттағы жұмыстар мен Президент реформаларын жүзеге асыруда Терісаққан ауылының еңбеккерлері де үлкен ұйымшылдық танытуда. Соның басы-қасында ауылдың белсенді азаматтары жүр, – Əр халықтың мықтылығы мен тектiлiгiн, мəдениетi мен мiнез-құлқын танытатын ұлттық ойындар болатыны белгiлi. Соның iшiнде жалпы ережесi қалыптасып, жарыс күнтiзбесiне енiп, спорт түрiне айналғандары қаншама… Салт-дəстүрімізді дəріптейік! дей келіп Аян Есенғалиұлы ауыл тұрғындары – Серік Ахметалин, Мұқаш Əуезханов, Қожантай Сұрағанов, Лесқали Сейтқазин, Сəкен Тəжібаевқа сынды ауыл азаматтарына аудан əкімінің Алғыс хатын табыс етті.
Спорт тойының ашылу салтанатында ауыл əкімі Алмат Дүйсенбаев та Терісаққан ауылында өткізіліп жатқан іс-шараға демеушілік жасаған бірнеше азаматтарды марапаттады. Орайы келгенде айта кетейік, ауылдағы ұлттық спорт додасы негізінен жергілікті азаматтардың бастамасымен қолға алынды. Оның жүлде қорына да өздері демеушілік жасады.
Аз ғана ресми шарадан соң дүбірлі дода да басталды. Ауыл тойын қызықтауға жан-жақтан жиналған жұртшылық спорттық шаралар өтетін алаңға жиналды. Бір жерде балуандар қалы кілемнің шаңын қақса, енді бір жерде белді жігіттер қошқар көтеріп күш сынасты. Топ-топ болып арқан тартысып, бақтарын сынағандар да аз болған жоқ. Тіпті желаяқ жігіттер 5 шақырым қашықтыққа жаяу жүгірді. Осылардың бəрі тойға жиналғандардың делебесін қоздырып, рухын оятты. Қазақ барда, қазақтың қарашаңырағы – ауыл барда ұлылығымыздың белгісі болған – ұлттық спортымыздың өлмейтініне көздері жетті елдің.
Ұлттық рухты көтерген, тамырымыздағы қанды дариядай тасытқан, делебемізді қоздырып, дала төсін дүбірге бөлеген ат спорты ауылдағы тойдың əрін аша түсті. Нағыз байрақты бəсеке де осы ат спорты болды. Өйткені оған əрісі Қостанай облысы мен берісі өз облысымыздың Жезқазған қаласы мен Жаңаарқа ауданынан желмен жарысқан жүйріктер қатысты. Тай мінгендер 5 шақырымға, құнанға құйрық басқандар 10 шақырымға шапты. Ал, аламанның аттары 25 шақырым қашықтықта бақ сынады. Аламанда мəре сызығын Қостанайдан келген Ержан Əбілдиннің тұлпары бірінші болып кессе, терісаққандық Дəурен Мұратовтың «Дарабозы» ауыл намысын қорғап, екінші болып келді. Ал, үшінші орынды Жезқазған қаласынан келген Нұрсұлтан Мырзақадыровтың «Дубайы» еншіледі.
Құнан жарыста Қаракеңгір ауылынан келген ат бірінші орынды, Жездінің жүйрігі екінші орынды, Жаңаарқадан келген ат үшінші орынды иемденсе, тай жарыста Жаңаарқа бірінші орын, Қостанайдың Аманкелді ауданы екінші орын, Шеңбер үшінші орын алды.
Хоош. Дүбірлеп той да өтті. Нəтижесінде жеңімпаздардың қанжығасы майланып қайтса, ұпайы жетпей қалғандар келесі жылы қайыра келіп бақтарын сынамаққа бел буысты.
Ізтай БЕЛГІБАЙҰЛЫ