Ауылдың өркендеуі — ел ырысының еселенуі
Алғабас ауылдық округі әкімі Азамат Кареновтің 2020 жылы атқарған жұмыстары туралы қорытынды есебі
Қазіргі таңда Алғабас ауылдық округі бойынша жалпы халықтың саны 424 адам, Оның ішінде Бетбұлақ ауылында – 380, шаруа қожалықтарында – 64. Ауылдық округте 65 отбасы бар. Зейнет жасындағысы 38, еңбек жасындағысы 190, жәрдемақы алушылар — 3, тыл ардагерлері — 6, бюджет саласында — 95 адам жұмыс атқарады, мектеп жасында — 69 оқушы бар. Округ бойынша 48 шаруа қожалығы орналасқан. ШҚ-да 70 адам жұмыспен қамтылған.
Жер көлемі — 490760 га. Оның ішінде — ауылшаруашылық бағытында- 445700 га, егістігі — 630 га, шабындығы-1550 га, жайылымы — 42138 га, әртүрлі жерлер 442 га.
Мал басы саны: 2019 жылы 2606 жылқы — 2020 жылы жылқы 2639 (101,2%), 2019 жылы – 1696, ірі мүйізді ірі қара-2020 жылы мүйізді ірі қара 1786 (105%), 2019 жылы 3777 ұсақ мал — 2020 жылы ұсақ мал 3828 (101,3%), 2019 жылы құс 840 — 2020 жылы құс саны 773 (92%).
Ауыл шаруашылық саласы бойынша 2020 жылғы Ауыл шаруашылығын дамыту мақсатында бекітілген жоспарлардың орындалысы:
Тұқымдық түрлендіруге қатысатын мал басы жоспары 1231, барлығы 837 аналық бас қатысуда (79%). ШҚ-ғы асыл тұқымды бұқа саны 22 (Жараспаев Айдар ШҚ 7 бас, Шолпанқұлов Бекболат ШҚ 8 бас, Сауқымов Болатбек ШҚ 3 бас, Халыкова Сәуле ШҚ 4 бас бұқа) қосымша қажет бұқа саны 11. Жалпы субсидия алған ШҚ саны – 5. Субсидия көлемі 31 млн 364 мың теңге.
Бүгінгі таңда «Түркей» ШҚда 1 мал бордақылау алаңының құрылысы салынды. Қазіргі таңда жұмыс жасап тұр.
1 шаруа қожалық (Ақтаев Елдос) «Мұрат Энерджи» фирмасымен күн энергиясын беретін панелді орнатты. Қазіргі таңда күн энергиясынан электр қуатын алып, тұтынуда. Жоспардағы жайылымдарды суару бағдарламасы аясында 6 шаруа қожалықтары құдық қазуды 2021 жылдарға жоспарлап отыр.
«Ибатолла Қымбат» ШҚ 1 дана шөп шабатын механизм, 1 дана КУН техникаларын «КазАгро» ЖШС несиелік қорынан жалпы құны 2,5 млн теңгеге сатып алды.
ШҚ иегері Ибатолла Қымбат «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 22 млн 800 мың теңге қаражатқа 76 бас сиыр малын алды.
Qoldau.kz сайты арқылы жергілікті шаруа қожалық жерлерінің картасын кіргізу жұмыстары жүргізілуде. Жалпы кіргізілетін жер көлемі 106630 га, оның ішінде кіргізілгені 98 мың 150 га, (44 ШҚ), кіргізілмегені 8463 га, (2 ШҚ әділет басқармасынан құжаттарын дұрыстауда, 2 ШҚ құжаттарын ресімдеуде.
«Еңбек» бағдарламасы арқылы Алғабас ауылынан 1 ШҚ (Ибатолла Қымбат) мен 1 ЖК (Мадина) несие алып отыр 8 млн теңгеге берілген жоспар 10 млн теңге. Қарапайым заттар экономикасы бойынша 1 ШҚ алмақшы болып кепілі жетпегендіктен алынбады.
Ауыл шаруашылығына инвестиция салу бойынша берілген жоспар 42 млн, орындалысы 28 млн теңге, жайылымдарды суландыру бойынша скважина жоспары 3, орындалысы 4 шаруа қожалық өтініш білдіріп қойды, күн сәулесі панелі бойынша берілген жоспар 15, орындалысы 1 шаруа қожалық қалған ШҚ түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
Ветеринария саласы бойынша ауылымызда үй жануарларын егіп-емдеу, профилактикалық жұмыстары жоспарлы түрде жүргізілді. Шаруашылықтар бойынша малдар егіліп, қан алынып, анализдер өз уақытында анықталып, дерек қорға 100% енгізілген. Анықталған 8 бас ірі қарадан бруцеллез мал ауруы табылды, Осы ірі қара малдар ветеринариялық-санитарлық талаптарға сай жойылып, ауыл іші, қора жай тазаланып 2% сөндірілген хлорлы әктің ерітіндісімен залалсыздандырылды.
Кәсіпкерлік саласы бойынша
2020 жылы азық-түліктің 9 түрі әлеуметтік маңызы бар тауарларын тұрақты ұстап тұру мақсатында елді мекенде орналасқан екі сауда орнымен (М.Садвакасова және О.Мамкенова) «Аудандық ауылшаруашылық және кәсіпкерлік бөлімі», «Алғабас ауылдық округі әкімдігі аппараты» болып үш жақты меморандум жасалынды. Карантин уақытында азықтүлік бағасы тұрақты және үнемі бақылауда.
«Орта және шағын кәсіпкерлікті дамытуға және қолдауға арналған Ұлытау ауданы әкімінің грантына» конкурсына Алғабас ауылдық округінен 2 адам құжаттарын өткізіп, нәтижесінде 1 адам наубайхана ашуға грант ұтып алып, Қуандық Бахтияр Шәмшіғалиұлы аудан әкімінің грантының арқасында наубайханасын ашып, жұмысын жандандыруда.
Ауылдық округте ЖК Мадина тігін цехы мен шаштараз ашылды.
Коммуналдық сала бойынша
Алғабас ауылы ауыз сумен толық қамтылған. Су мұнарасының жұмыс істеу режимі күнделікті қадағаланып, су беру процесі тұрақты түрде жұмыс істеп тұр.
Су тасқынының алдын алу мақсатында ішкі көше жолдарын қардан тазалау жұмыстарына ЖК «Алмагуль» 550,0 мың теңге қаржы аударылды.
Ауылдық округтің ішкі Берденов, Орталық, Бақша көшелерінің жолдарын тегістеу жұмыстары жүргізілді. Қаржысы 300,0 мың теңге.
Алғабас селосының сумен қамту, су құбыры жүйелерін жөндеу, қалпына келтіру жұмыстарына 7 500,0 мың теңгеге Ұлытау аудандық көпсалалы коммуналдық шаруашылық мекемесімен келісім шарт жасалынып, игерілгені 2047 835,52 теңге, қалдық сомма 545 2164,48 теңге қайтарылды, себебі 11.05.2020ж. №19 шарт бойынша жұмыстардың толық аяқталмауына байланысты екіжақты келісім шарт бұзылды.
Алғабас ауылдық округінің көше жарығы желілеріне орташа жөндеу, шырақтарды ауыстыру жұмыстарын жүргізуге ЖК «Ақтаев» — пен 1500,0 мың теңгеге келісім шарт жасалынып 60 дана жаңа үлгідегі диод (кобра) шамдары орнатылды.
Алғабас ауылдық округінің Берденов көшесінің ішкі көше жолдарына ағымдағы жөндеу жұмыстарына 42 млн 610 мың теңгеге жобалау сметалық құжаттары жасалынып сессияға ұсынылды.
Алғабас ауылдық округінде 27.03.2020 ж Ұлытау ауданы әкімінің №12ө санды өкімін басшылыққа ала отырып 2020 жылдың 13 сәуірінен 13 маусым аралығында көктемгі екі айлық өткізілді. Көшелер бойына үй аралайтын жұмысшы топ құрылып, аптасына екі рет рейдтік жұмыстар жүргізілді. Көктемгі екі айлық барысында ауылда әктелуге тиісті 67 үй толығымен әктелді, 450 тонна қоқыс тиісті орынға шығарылды, қатты тұрмыстық қалдықтарды шығаруға бір жүк тиегіш, бір жүк тасығыш техникалар жұмылдырылды, 50 түп ағаш, 10 түп көшет отырғызылды.
Алғабас ауылдық округіне қарасты аспалы көпірдің қоршаулары сырланып, әктелді. Көше шамының 75 бағаны сырланып, әктелді. Ауылға 25 дана баннер жаңадан орнатылды. Ауылдық көпірге сырлау жұмыстары жүргізілді. Иесіз тұрған, қираған үйлердің орындары тазаланып, тегістелді, 3055 тн қоқыс сыртқа шығарылды.
Алғабас Шұбаркөл бағытындағы 19 шақырым жолдың құжаттары заңдастырылды. Бөлінген қаржы 2 млн 235 мың теңге.
Ауылдағы жұмысы аяқталмаған балалар ойын алаңының жөндеу жұмыстары жасалынды. Қатысу бюджетімен бөлінген қаржы 1 млн 500 мың тенге, мердігер Ақтаев Нұрлан.
Төтенше жағдайлар бойынша
Алғабас ауылдық округінде Абушахман жерінде, Ақши жерінде және ТелАдыр, Көлденең шаруа қожалығының жерлерінде дала өрті орын алды, ерікті өрт сөндірушілер күштерімен өрт сөндірілді.
Құрылыс саласы бойынша
2020 жылы 25 қыркүйегінде 80 орындық мектептің құрылысы аяқталып, қолданысқа берілді.
Алғабас ауылдық округінде 1 сарай, 7 қора, 1 тұрғын үй құрылысы басталып қазіргі таңда 1 сарай «Алияскаров Рыспек» толығымен бітіп қағаздары рәсімделіп жатыр, 5 қораның 4-нің құрылысы аяқталып құжаттары жасалуда, тұрғын үй құрылысы аяқталмады.
Әлеуметтік сала бойынша
Алғабас ауылдық округі бойынша 5 адам арнайы жұмыссыз ретінде тіркелген (Е.Жанаев, С.Байжанбаев, А.Кожиков, О.Әмен, М.Орынбасарова). Ауылдық округте жұмыссыздық деңгейі 1,5 пайыз. Әкімдік аппаратындағы барлық қызметкерлердің еңбек шарттары enbek.kz сайтына енгізілді. Ауылдық округтен 2 көпбалалы отбасы атаулы әлеуметтік көмек алады.
Денсаулық саласы бойынша
ФАП мекемесінде бүгінгі таңда ғимаратқа ток көзін беріп тұрған күн сәулесінен қуат алатын батарея істен шыққан. Алғабас ауылында коронавирустың таралуының алдын алу жөніндегі шаралар жүргізіліп жатыр. Ауыл тұрғындарына медициналық сақтандыру бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді, тұрғындар арасында медициналық сақтандыруға барлық адам тіркелді.
Ауылдық округке бөлінген 180 парацетамол, 70 цефтриаксон, 40 асперин, 1 арпефлю тұрғындарға таратылды.
Ауылға жылжымалы 2 рет дәріхана, жылжымалы медициналық кешен келіп, тұрғындарға өз қызметтерін көрсетті.
Ағымдағы жылы дүниеге 4 нәресте келді, қайтыс болған 65 жастан жоғары 1 адам.
РПН бойынша- 329 адам, оның ішінде -14 жасқа дейінгі — 64 бала, жас өспірім – 19 бала, 65 жастан жоғары – 26 адам. Жыл басынан қатерлі ісікке байланысты жас бойынша скринингтен өткізілді, қатерлі ісік анықталған жоқ. Ауданнан өкпеге тыныс беретін және өкпенің тынысын тексеретін аппараттар берілді.
Мәдениет және спорт саласы бойынша
Ауылда 2 кітапхана жұмыс істейді; 1-уі ауылдық, 2-і мектепте. ауылдық кітапхана модульді типте жұмыс істейді. Компьютер, ксерокспен, ғаламтормен қамтамасыз етілген. Кітап қоры 9290 дана, мектеп кітапхана қоры 6720 дана.
Жеке ауылдық клуб үйі бар. Құрамы 18 адам көркемөнерпаздар тобы, «Айгөлек» балалардың ән-би ансамблі бар.
Ішкі саясат саласы бойынша
Ауылда діни ахуал бойынша теріс ағымда жүрген азаматтар анықталмаған. Әсіресе жастардың теріс ағым, радикалды топтардың қатарына кіріп кетпеуіне байланысты іс-шаралар, жастармен жұмыс жергілікті мекеме басшыларымен бірлесе ұйымдастыру үнемі жүргізіледі. Ауылда 14 дана баннер жаңартылды. Ауылдық округке 2020 жылға бөлінген 107 мемлекеттік басылымдар мен қосымша газеттерге 100% жазылу жұмыстары жүргізілді. 2021 жылдың І жарты жылдығына жазылу жүргізілді.
Қоғамдық тәртіп бойынша
Ауыл жергілікті учаскелік инспектормен қамтамасыз етілген. 2020 жылы әкімшілік құқық бұзушылық бойынша 20, арыз 2: оның ішінде мал жоғалу фактісі бойынша — 1, әкімшілік құқық бұзушылық -1. Бүгінгі таңда қызметтік көліктің қажеттілігі бар.
Қаржыландыру саласы бойынша
2020 жылға бөлінген қаржы көлемі 49 млн 192 мың теңге.
Аппарат шығыны 25 млн 270 мың тенге, көше жарығын күтіп ұстауға 2 млн 800 мың теңге, абаттандыруға: баннер ілуге 420 мың, қатысу бюджетіне 1 млн 500 теңге, ауыл ішкі жолын күтіп ұстауға 3 млн 992 мың теңге оның ішінде 2 млн 236 мың теңге Алғабас-Шұбаркөл 19 шақырым көтерме тас жолының жер актісі жасалды, 1 млн 756 мың ауылдың ішкі жолын күтіп ұстауға (қар күреу, жолды тегістеу), су жүйесін күтіп ұстауға 14 млн 736 мың теңге, оның ішінде суды күтіп ұстауға 7 млн 236 мың тенге бөлініп жұмыс ауқымының аз болуына байланысты 1 млн 364 мың тенге аудан бюджетіне қайтарылды, су жүйесін жөндеуге 7 млн 500 мың теңге бөлініп, игерілгені 2 млн 48 мың теңге, жұмыстың толық аяқталмауына байланысты 5 млн 452 мың теңге ішкі қажеттіліктерге ауыстырылды. 2021 жылға 116 млн 329 мың теңге қаржыға сұраныс берілді.
Білім саласы бойынша
Мектепте 75 оқушы білім алуда, оның оқу үздігі 13, екпіндісі 36. Мектеп бітіруші оқушы саны 2, оның ішінде ҰБТ қатысқаны 2.
Мектепте 10 кабинет жұмыс істейді. Оның ішінде информатика, география және тарих, технология (ұлдар мен қыздар) кабинеттері жаңа соңғы үлгіде жабдықталған. Жаңа мектептің ашылуына орай аудан әкімі информатика кабинетін 4 000 000 –ға сыйға тартты, облыстық білім басқармасы география және тарих біріккен кабинетімен технология кабинетін әрқайсысы 3 000 000-нан сыйға тартылды, сондай-ақ аудандық білім бөлімі тарапынан 10 жаңа компьютер берілді. Ауданның білім бөлімінен 3 кабинетке биология, физика, ағылшын кабинеттеріне ПИК орнатылған. Спорт зал жаңа заттармен қамтамасыз етілді. Қазіргі таңда мектепте компьютер сыныбы бар, 1 орынға 3 оқушыдан келеді. Медициналық кабинет талапқа сай 2 бөлме беріліп, жабдықталған.
Мектепте 10 кабинет жұмыс істейді. Оның ішінде информатика, география және тарих, технология (ұлдар мен қыздар) кабинеттері жаңа соңғы үлгіде жабдықталған. Жаңа мектептің ашылуына орай аудан әкімі информатика кабинетін 4 000 000 –ға сыйға тартты, облыстық білім басқармасы география және тарих біріккен кабинетімен технология кабинетін әрқайсысы 3 000 000-нан сыйға тартылды, сондай-ақ аудандық білім бөлімі тарапынан 10 жаңа компьютер берілді. Ауданның білім бөлімінен 3 кабинетке биология, физика, ағылшын кабинеттеріне ПИК орнатылған. Спорт зал жаңа заттармен қамтамасыз етілді. Қазіргі таңда мектепте компьютер сыныбы бар, 1 орынға 3 оқушыдан келеді. Медициналық кабинет талапқа сай 2 бөлме беріліп, жабдықталған.
Жедел әскери қызметке шақыру жұмыстары бойынша
1996-2002 жылы туылған азаматтарды жедел әскери қызметке шақыру жұмыстары тұрақты жүргізілуде, оның ішінде ағымдағы жылға аталған ауылдық округі бойынша 5 әскер қатарына шақырылушылар бар. Аталған шақырылушылар шақырту қағазымен таныстырылып, хабардар етілді, әскерге шақырушылар жоғары оқу орындарында білім алуда.
Өзге мәселелер
Мәселе атауы | Шешу жолы |
Алғабас – Сатпаев, Алғабас – Ұлытау бағытындағы көтерме тас жолын күрделі жөндеуден өткізу | Аудандық ТҮКШ, АЖ, ЖК және ТИ бөлімі арқылы облыстық басқар- мадан қаржы бөлдіруге ықпал жасау |
Бақша, Орталық көшелерінде орналасқан жоғары кернеулі электр станциясына күрделі жөн- деу жұмыстарын жүргізу немесе ауыстыру (аталған көше тұрғын үйлерінің электр қуатының тым нашар болуы және істен шығуы себепті) | Аудандық коммуналдық шару- ашылық мекемесі арқылы туын- даған мәселені шешу жолдарын қарастыру |
Ауыл ішіндегі көше жолдарын күрделі жөндеуден өткізу | 42 млн 610 мың теңгеге сметалық құжат дайын. Сессияға бюджеттік өтінім берілді. |
Коммуналдық шаруашылық меке- месінің балансындағы су ұңғыма- сының қоршауын қоршау, ұңғыма насосының автоматикасын ретке келтіру, су жинау мұнарасына кабель тарту. | Коммуналдық шаруашылық меке- месі арқылы жөндеу жұмыстарын жүргізу. |
Мобилдік байланыс | Бүгінгі таңда Теле 2 мобилдік байланысын ағымдағы жылдың желтоқсан айына дейін орнату жұмыстары жоспарлануда. Сон- дай-ақ WI fi интернет байланысын желтоқсан айында барлық тұрғын үйге орнату жоспарлануда. |