Басты мақсат — ауылды өркендету
Мибұлақ ауылдық округі әкімі Қалдыбек Кәкімжановтың 2020 жылы атқарған жұмыстары туралы қорытынды есебі
Мибұлақ селолық округі 1982 жылы желтоқсан айында, Жезді ауданы «Жетіқоңыр» совхозы негізінде құрылған, орталығы — Мибұлақ селосы. 1995 жылдың қазан айынан Мибұлақ селолық округі болып қайта құрылған, алғашқы әкімі Оразбаев Инахаят Мұқатұлы болған. 2019 сәуірінен осы уақытқа дейін Кәкімжанов Қалдыбек Кәкімжанұлы Мибұлақ селолық округінің әкімі болып қызмет атқарып келеді.
Мибұлақ селолық округі, Қарағанды облысының оңтүстік шығысында орналасқан. Солтүстік шекарасы Борсеңгір селолық округі жерлерімен шектеседі, оңтүстігі Жамбыл, Шымкент, Қызылорда облыстарының жерлері, шығысы Сарысу селолық округі жерлерімен шектеседі, батысы Қарсақбай кенттік округі жерлерімен шектеседі. Мибұлақ селолық округінің орталығы — Мибұлақ селосы. Облыс орталығынан — 650 км қашықтықта, аудан орталығынан — 270 км қашықтықта орналасқан. Жер көлемі: 1493848 га, оның ішінде: елді — мекендерге қарасты — 56812 га. шаруа қожалықтарына қарасты жер көлемі — 237372 га, шабындық — 962 га, жайылым- 236410 га, басқа жерлер-12513га. Негізі округ ауыл шаруашылығымен айналысады, округте 124 шаруа қожалықтары тіркелген. «Көктөбе», «Жауғашты», «Котрешов АТ», «Мулаков АТ» шаруа қожалықтары асыл тұқымды ірі қара мал және жылқы өсірумен айналысады.
Мибұлақ селолық округі бойынша 01.07.2020 жылға, мал басының есебі.
Ірі қара – 9339 бас, кой – 27580 бас, ешкі – 4813 бас, жылқы – 8528 бас, түйе – 69 бас. (қой-ешкі- 32393) бас. Барлық мал басы – 50329 бас.
№ | Атауы | 01.01.2020ж. | 01.01.2021ж. | % | ||
Барлығы | Оның
ішінде аналығы |
Барлығы | Оның
ішінде аналығы |
|||
1 | Ірі қара | 7343 | 4362 | 8004 | 4723 | 109 |
2 | Қой-ешкі | 17804 | 13941 | 17804 | 13941 | 100 |
3 | Жылқы | 7041 | 3753 | 7168 | 4166 | 102 |
4 | Түйе | 75 | 41 | 68 | 37 | 91 |
Барлығы: | 32263 | 22097 | 33044 | 22417 | 102 |
Еңбек бағдарламасы аясында, «Ауыл шаруашылығы қаржылай қолдау қоры» АҚ арқылы үш жеке кәсіпкер 13 600000 тенге несие алып отыр:
«Сыбаға» бағдарламасы аясында, қой малын өсіруге «Кыдырпатшаев А.С» шаруа қожалығы, «Ауыл шаруашылығы қаржылай қолдау қоры» АҚ арқылы 12 млн теңге несие алып — 20 бас ірі қара, 300 бас қой малын сатып алды.
Мибұлақ селолық округінің, шаруа қожалық иегерлері 2018 жылдан бері «Мұрат энерджи» компаниясымен, күн сәулесінен энергия алатын батареялар орнату үшін, келісім-шарттарға отырып қазіргі таңда 82 шаруа қожалығы 54 құдық қаздырды, 82 шаруа қожалығы күн сәулесінен энергия алатын қондырғылар орнатты. Тек биылғы жылы 12 күн сәулесінен энергия алатын батареялар орнатылып, 4 құдық қазылды.
2020-2021 мал қыстату науқанына 4 бригада мал азығын дайындап тасымалдауда. Қазіргі таңда 5100 тн шөп шабылды орындалысы 29,%
Кәсіпкерлік саласы
Округ бойынша 3 жеке кәсіпкердің азық-түлік дүкендері жұмыс атқаруда. Мибұлақ ауылында тұрғындардың 24 жеке-меншік монша және Ақкеңсе ауылында 4 жекеменшік монша бар. Мибұлақ– Жезқазған бағытына 13 адамдық 1 «Газель» автокөлігі жолаушыларды тасымалдайды.
Білім саласы
№18 Мибұлақ орта мектебі 1990 жылы пайдалануға берілген, 280 орынға арналған, типтік үлгідегі ғимаратта орналасқан. Қазіргі уақытта мектепте барлығы 22 мұғалім, оның 16-ы жоғары білімді, 4-арнаулы орта білімді мамандар. Оқушылар саны — 50 бала. Мектептің шағын орталығында 12 бала.
Мибұлақ селолық округінің аумағында орналасқан, 40 км жолды қысқы және жылдың барлық мезгілдерінде күтіп ұстауды, 2018 жылдан бері «Қазақмыс» корпорациясы өз жауапкершілігіне алған. Жолды күтіп ұстауға жыл сайын 2 млн-ға жуық қаражат бөлініп отырады.
Қыс, көктем айларында жолдың үстіндегі қар және суағар жанқұлақтары тегіс тазартылған, бұл мердігер компанияның – 1 автогрейдері, 1 елка, 1 шансиман самосвал көлік құралдары және вахталық әдіспен жұмыс істейтін 6 жұмыскерлері бар. Жолдың су асып кететін қауіпті бөліктеріне топырақ тастан жал үйіп бөгеттер салынды.
2020-2021 жж қыс маусымына, № 18 орта мектепке 320 тн, Клуб үйіне 100 тн, «Жетіқоңыр» ДА-на 10 тн көмір түсірілді.
Мибұлақ селолық округінен аудан әкімінің атына, төтенше жағдай кезеңінде коммуналдық қызметтер шығындарын өтеу үшін, көпбалалы ана II топ мүгедегі және ең төменгі зейнетақы алатындар, сәуір — мамыр айларына барлығы 18 тұрғыннан өтініштер түсіп, нәтижесінде барлық өтініш иелерінің есеп шоттарына, Ұлытау ауданының ТҮКШ, ЖК АЖ және ТҮИсы бөлімі арқылы коммуналдық төлемдер үшін қаржы аударылып түсірілді.
Мибұлақ елді мекені бойынша халық саны — 334 адам.
Тұрғын үй – 61, оның ішінде ауыз су тартылғаны — 21 үй,
2020 жылғы көктемгі екі айлықта 300 тн күл-қоқыс шығарылды, қазіргі таңда полигонда жиналған, қатты қалдық күл-қоқыс, барлығы 4280 тоннаны құрайды.
Қатысу бюджеті бойынша, Ұлытау ауданы әкімдігінен 2020 жылы ауылды көркейту және басқа да күрделі мәселелерді шешу мақсатында, қатысу бюджетінен 1 500000 (бір миллион бес жүз мың) теңге қаражат қарастырылған. Осы жағдайды тиімді пайдаланып бөлініп отырған қаражатты бұлақ басын жөндетуге -700000 теңге, балалар алаңын жөндеуге – 800000 теңге бөлініп игерілді.
Жұмыспен қамту бағдарламасы аясында, аудандық жұмыспен қамту мекемесімен келісім-шарт жасалып, 5 адам тіркеліп қоғамдық жұмыстар атқаруда, келешекте тұрақты жұмыспен қамту мәселесі қарастырылуда.
- Селоның «Тұрсыбай» көшесі бойынан, демеушілердің көмегімен «Жастар» саябағы салынып, 100 түп ағаш отырғызылды.
- Көшелерде жарық беретін бағандардың қиылып қалған, 21 дана лампочкалары айырбасталып жаңадан салынды.
- 2020 жылға су құбыры жүйесін жөндеуге жоспарланып бөлінген, 3 млн 485 мың теңге ТОО «Марганец» мекемесінің қатысуымен, су жүйесі толық жөндеуден өтіп бөлінген қаржы толық игерілді.
- Мибұлақ №18 орта мектебіне 4 дәретхана салу қолға алынып, қазіргі таңда 6 млн-ға жуық қаржы игеріліп жұмысы аяқталды, мектепте сабақ қалыпты жүргізілуде.
- Сарсенбин,Саркеев, Тұрсынбай көшелеріне көтерме жол салуға 6,000 млн теңге қаржы бөлініп «ФОССТИС» ЖШС — гінің қатысуымен ұзындығы 1,4 км көтерме жол салынды. Биылғы жылы желтоқсан айында «Теле2» станциясы орнатылып Beeline, Altel,Activ, Tele-2 операторлары байланысы іске қосылуда, және 3 интернет желісі бар.
Алдағы уақытта шешілуге тиіс өзекті мәселе, Ақкеңсе елді мекеніндегі орналасқан жоғары кернеулі электр подстанциясын Мибұлақ селосына көшіру.