«Тәжтажалға» тегеурінді тосқауыл

Ұлытау ауданы бойынша коронавирус инфекциясымен 86 науқас тіркелді, Қаракеңгір — 4, Борсеңгір — 7, Ұлытау – 39, Жезді кентінен – 16, Қарсақбай кентінен – 11, Мибұлақ – 2, Қорғасын -3, Аманкелді – 1, Егінді – 1-і, Байқоңыр-1. Инфекцияға шалдыққан науқастардың 51 симптомсыз, 33-і клиникалық белгілерінің болуына байланысты инфекциялық ауруханаға жатқызылып, емделіп шықты, бүгінгі күні ем алып жатқан науқастар жоқ. Жоғарыда аталған науқастармен тығыз қарым-қатынаста болған 453 адамнан анализ алынып, зертханалық тексеріске жіберілді.

 

«COVID -19» инфекциясынан қайтыс болғандар – 2, Мибұлақ және Аманкелді ауылдарынан. Қайтыс болған адамдар санитарлық талаптар мен ережелерге байланысты жерленді. Атап айтқанда қатысқан адамдар саны шектеліп, 1 реттік қорғаныш киімдері қолданылды.

Сонымен қатар жергілікті тұрғындар арасында маска тағу, арақашықтық ережелерін қатаң сақтау, отбасылық мейрамдарға, құдайы астарға тыйым салу, барлық мемелекеттік және мемлекеттік ұйымдарға дезинфекциялық шараларды күшейтіп, санитарлық талаптарды сақтау тапсырмалары берілді. Бүгінгі күні аудан бойынша санитарлық талаптарды сақтау және ескеру жөнінде барлық мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарға шектеу шаралары жөнінде хаттар берілді.

Бүгінгі күні жергілікті тұрғындар арасында маска кию, арақашықтықты сақтау ережелері толық сақталып, кіреберіске дезбаръер қойылған. Мемлекеттік мекеме қызметкерлері жұмыс орнында маска тағу әр мекеме басшысы тарапынан бақылауға алынған.

Осыған байланысты алдағы уақытта мобильді топ тарапынан «COVID-19» инфекциясының екінші толқынына мекемелердің дайындығы бойынша тексеру жұмыстары жүргізіліп, санитарлық талаптар бұзылған жағдайда мекеме басшысына және талап бұзған қызметкерге әкімшілік шара қолданылатыны ескертілді.

«COVID-19» инфекциясының екінші толқынының алдын алу мақсатында аудандағы барлық балалар алаңдарына дезинфекция жұмыстарын жүргізу жөнінде аудан әкімдігіне қатынас хат беріліп, бұл жұмыстарда бүгінгі күні залалсыздандыру жұмыстары толық жүргізілді.

17.08.2020 жылы карантин шараларының жеңілдетілуіне байланысты басқарма мен «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы басшысы қатысуымен барлық нысандарға жұмыс істеуге рұқсат алу жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді. «ИнфоКазахстан» желісі арқылы 5 балабақшаға кезекшілік топтық жұмыс істеуге 40 азық-түлік дүкендері және 117 өтініш жеке кәсіпкерлерден түсіп, барлығына жұмысқа рұқсат берілді.

Е.ТАНАБАЕВ,

аудандық санитариялық-эпидемиологиялық

бақылау басқармасының басшысы.