Қарағандыда академик Әбілқас Сағыновтың 105 жылдығы атап өтіледі
Жиырма жетінші желтоқсанда көрнекті ғалым, академик, Социалистік Еңбек Ері Әбілқас Сағыновтың туғанына 105 жыл толады. «Ұлылық пен қарапайымдылық үйлесімі» атты дөңгелек үстел осы күнге арналды. Ол 25 желтоқсанда Қарағанды техникалық университетінде өтеді. Карантиндік шектеулерге байланысты кездесу онлайн-режимде өтеді.
Дөңгелек үстелге түрлі буын өкілдері: көмір өнеркәсібінің ардагерлері, ғалымдар, университет оқытушылары мен студенттері қатысады. Әбілқас Сағыновтың еңбегі мен оның ғылымға қосқан үлесі туралы онымен етене таныс болған жандар және онымен бірге жұмыс істегендер айтып береді. Ғалымның немересі Асқар Сағынов естеліктерімен бөліседі.
Әбілқас Сағынов (1915-2006) — Қазақ КСР Ғылым Академиясының академигі, ҚазССР Мемлекеттік сыйлығының екі мәрте лауреаты, Социалистік Еңбек Ері.
Қарағанды тау-кен техникумын, Днепропетровск тау-кен институтын бітірген.
Абылқас Сағынов ғылым жолына келгенде үлкен өндірістік тәжірибесі болды. 1939 жылдан 1948 жылға дейін Қарағанды көмір бассейнінің шахталарында жұмыс істеді — учаске бастығы, бас инженер, шахта директоры болды.
«Карагандауглеразрезы» трестінің бас инженері болып жұмыс істеді. 1950 жылдары Бүкілодақтық ғылыми-зерттеу көмір институтының Қарағанды филиалын, Қарағанды ғылыми-зерттеу көмір институтын басқарды.
40 жасында Қарағанды тау-кен институтының директоры болды, кейіннен Қарағанды политехникалық институты болып қайта құрылды. Әбілқас Сағынов 33 жыл бойы оның тұрақты ректоры болды.
Ғалымның есебінде бес жүзден астам өнертабыс бар. 1971 жылы жоғары білімді дамытудағы және халық шаруашылығына арналған білікті мамандарды даярлаудағы зор еңбегі үшін Әбілқас Сағыновқа Социалистік Еңбек Ері атағы беріліп, Ленин ордені және «Орақ пен Балға» алтын медалі табысталды.
1974 жылы авторлық ұжым құрамында тау жыныстары механикасы бойынша жұмысы үшін ғылым мен техника саласындағы Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығы берілді. Екінші Мемлекеттік сыйлық 1987 жылы тау-кен және құрылыс салалары үшін гидравликалық машиналар жасау және теорияны зерттеумен айналысқан ғалымдар тобын басқарғаны үшін берілді.
1993 жылы Әбілқас Сағыновқа «Қарағанды қаласының Құрметті азаматы» атағы берілді.