Берік Әбдіғалиұлы тұрғындар сауалына жауап берді
Берік Әбдіғалиұлы азаматтарды жеке мәселелері бойынша кезекті қабылдау жүргізді.
️ Мәселен, Жезқазған қаласына, өңірге белгілі саяси қайраткер Аллаяр Тәлкеновтің немересі Е.Тәлкенов атасының есімін халық жадында қалдыру шарасын қабылдауды ұсынды.
Облыс әкімі Берік Әбдіғалиұлы өз кезегінде Аллаяр Тәлкенов тұрған үйге мемориалдық тақта орнатуға болатынын айтты.
️ «Көкжал» жекпе-жек клубының құрылтайшысы А.Жанатов өз кезегінде облыс басшысына дене шынықтыру және спорт саласына қатысты бірқатар ұсынысын айтты.
️ Берік Әбдіғалиұлы бапкердің барлық бастамалары ескерілетініне сендірді.
️ Қабылдауға Жаңаарқа ауданының тұрғыны Ж.Жахина отбасына тұрғын үй көмегін көрсетуді сұрап келген. Азаматқа қолданыстағы заңнамаға сәйкес түсініктемелер берілді.
Естеріңізге сала кетейік, Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғалиұлы әр бейсенбі сайын сағат 17:00-ден 18:30-ға дейін азаматтарды қабылдайды. Алдын ала жазылу мына телефондар арқылы жүзеге асырылады:
☎️ 8 (7102) 73-33-59
☎️ 8 (7102) 73-56-41.