Мемлекет басшысы Жарлығымен Үкіметте бірқатар министрлер ауыстырылды
Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар министрлерді ауыстыру туралы Жарлыққа қол қойды.
Президент Жарлығымен:
Марат Қарабаев Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі лауазымына тағайындалды;
Асхат Оралов Мәдениет және спорт министрі лауазымына тағайындалды;
Ғалымжан Қойшыбаев ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Үкімет Аппаратының Басшысы лауазымына тағайындалды;
Ғани Бейсембаев Оқу-ағарту министрі лауазымына тағайындалды;
Зүлфия Сүлейменова Экология және табиғи ресурстар министрі лауазымына тағайындалды;
Азамат Есқараев Әділет министрі лауазымына тағайындалды.