Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғалиұлының Жаңа жылмен құттықтауы
Құрметті Ұлытау облысының тұрғындары! Қадірлі жерлестер!
Сіздерді келе жатқан Жаңа жылмен шын жүректен құттықтаймын.
Биылғы жыл қасиетті Ұлытау өңірі үшін тарихи, табысты жыл болды.
Жаңа облыстың құрылуы — еншімізге тиген ерен бақыт,мерейлі мәртебе.
Сондықтан, өңірімізді өркендетіп, халықтың әл-ауқатын арттыру жолында еселі еңбек етуіміз қажет.
Жаңа жыл жарқын жетістіктер мен жасампаз жеңістерге жетелесін.
Ел қазынасы еселеніп, табысы тасып, асыл армандар мен ізгі үміттер орындалсын.
Шаңырақтарыңызға шаттық, бақ-береке тілеймін.
Жаңа жыл құтты болсын.
(Құттықтау мәтіні облыстық басылымдарда жарияланды)