Партия штабы ашылды
Кеше аудандық «Нұр Отан» партиясының ғимаратында ҚР Парламенті Мәжілісінің және мәслихат депутаттарының сайлауына үміткер «нұротандықтарды» қолдау мақсатында «Нұр Отан» партиясы штабының ашылуы болды.
Отырысты штаб басшысы Жомарт Бегаев ашып, партия беделін арттыру бағытында атқарылатын жұмыстарды түсіндіре келе штаб мүшелерін халықпен тығыз байланыс орнатуға шақырды. Штаб құрамында 28 еріктілер тобы, 90 бақылаушы, 9 сенімді өкілі бар.
Өз тілшімізден.