Қарағанды бейнелеу өнері мұражайында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған көрме ашылды

Қарағанды облыстық бейнелеу өнері мұражайында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған «Тәуелсіз Қазақстан суретшілер көзімен» атты мұражай қорынан көрме ашылды. Экспозиция қазақстандық және қарағандылық суретшілердің жұмыстарынан тұрады.

— Көрмеге біз үш бөлімнен тұратын онлайн-айдар дайындадық: біріншісі — Қазақстанның қалыптасуы мен дамуы; екіншісі — Қазақ хандығы; үшіншісі — тәуелсіз Қазақстанның өнері. Сондай-ақ, мектептер мен басқа да мекемелердің сұрауы бойынша біз онлайн-экскурсиялар өткізіп, ZOOM платформасында онлайн-айдарлар ашамыз, — дейді мұражайдың ғылыми қызметкері Назерке Жартын.

Мұражай парақшаларында онлайн-экскурсияларға барып, онлайн-айдарлармен танысуға болады:

— Facebook-топ «Қарағанды облыстық бейнелеу өнері мұражайы»;

— «ВКонтакте» — «Қарағанды облыстық бейнелеу өнері мұражайы»;

— Instagram – @karaganda_muzei_izo;

— Телеграм: — ИЗОМузей

Сондай-ақ  muz-kar-izo.kz/ru сайтында.

Мұражайдың Youtube-арнасында сілтеме бойынша: https://www.youtube.com/channel/UCRmgMV54GHIcfgmfWkk5-Aw/.

«Тәуелсіз Қазақстан суретшілер көзімен» көрмесі жыл соңына дейін жалғасады.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.