Басқармада – кадрлық өзгеріс

Айнұр Хамитбекқызы Сыздықова Ұлытау облысының қаржы басқармасының басшысы болып тағайындалды.

1988 жылы 16 қарашада Қостанай облысында дүниеге келген.

2007 жылы Ақмола қаржы-экономикалық колледжін «Қазынашылық іс», 2010 жылы Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін қаржы бакалавры мамандығы бойынша бітірген. 2013 жылы С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетін бітірген, экономика ғылымдарының магистрі.

2007 жылғы желтоқсаннан бастап мемлекеттік қызметте. Астана қаласы бойынша Қазынашылық департаментінде, ҚР Қаржы министрлігі бюджеттік жоспарлау департаментінің бюджеттік жоспарлау басқармасында, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Қаржы департаментінде жұмыс істеген.

2022 жылдың тамыз айынан бастап Ұлытау облысының қаржы басқармасы басшысының орынбасары міндетін атқарған.