Қарағанды облысында жас педагогтердің II форумында білім берудің басымдықтары талқыланды
Қарағандыда «Рухани жаңғыру: ұлт келбеті — жас маман» атты жас мамандардың II форумы өтті. Ол ZOOM платформасында онлайн форматта ұйымдастырылды. Шараға Қарағанды облысының барлық білім беру ұйымдарының: балабақшалар, мектептер, гимназиялар, лицейлер, мектеп-интернаттар, отбасыларды қолдау орталықтары мен колледждердің 1 200-ден астам педагогы қатысты.
Форум жас мамандардың шығармашылық қызметін дамытуға, олардың кәсіби шеберлігін арттыруға, білім беру жүйесінің басымдықтарымен танысуға бағытталған. Бұл жас мұғалімдердің кәсіби қалыптасу проблемаларына назар аударуға және олардың кәсіби өсуіне және шығармашылық әлеуетін дамытуға жағдай жасауға бағытталған шара.
Форумда жұмыс он секция бойынша ұйымдастырылды, онда оқу-тәрбие процесінің негізгі бөлімдері бойынша шеберлік сабақтары өткізілді: XXI ғасырдың дағдылары: 4К; оқыту процесінде STEM-технологияларды енгізу; «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру жағдайындағы тәрбие жұмысы: «Мен — сынып жетекшімін»; мектепке дейінгі тәрбие және оқыту; техникалық және кәсіптік білім беру саласының мәселелері.
Пленарлық отырыс дөңгелек үстел форматында өтті, онда «Қарағанды облысының білім беру саласындағы 100 жаңа есім» кітабының тұсаукесері өтті.
Форумның ұйымдастырушылары — өңірлік Білім басқармасы және Қарағанды облысының Оқу-әдістемелік орталығы.