Ұлытау облысы бойынша сайлаушылардың 75,48 % дауыс берді
Бүгін Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы өтті. Таңғы сағат 7:00-де ашылған сайлау учаскелерінің басым көпшілігі кешкі сағат 20:00-де жабылды. Ал, сағат белдеуінде айырмашылығы бар Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қызылорда және Маңғыстау облыстарында дауыс беру елорда уақытымен сағат 21:00-де аяқталды.
Орталық сайлау комиссиясының сағат 22:00-де ұсынған дерегі бойынша, елімізде төрт аймағында дауыс берушілердің 80 пайызы дауыс беруге келген. Жалпы ел бойынша сайлаушылардың 69,43 пайызы сайлау бюллетенін алыпты. Ал, Ұлытау облысында дауыс беру құқына ие азаматтардың 75,48 %-ы өз таңдауларын жасаған.
Айта кету керек, сайлауда ең жоғары белсенділік танытқан Жетісу облысының халқы болды. Бұл облыста сайлаушылардың 81,42 % таңдау жасаған. Ал, ең төменгі көрсеткіш Алматы қаласы бойынша тіркелді. Онда дауыс беруге сайлаушылардың, тек, 28,72%-ы ғана келген.