Шетелдегі ең соңғы сайлау учаскесі жұмысын бастады

Сан-Францискода шетелдегі соңғы сайлау учаскесі ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл жайында Сыртқы істер министрлігінен мәлім болды.

Айта кетейік, Қазақстанның шет елдердегі мекемелері жанынан ашылған 68 сайлау учаскесінің 10-ы жұмысын аяқтады.

57 сайлау учаскесі жұмысын жалғастырып жатыр. Еің соңғысы — Сан-Франциско қаласындағы учаске астана уақытымен сағат 21.00-де ашылатыны хабарланған болатын.

Сағат 20.00-дегі жағдай бойынша республиканың 8 282 607 азаматы бюллетень алды.

Бұл — тізімге енген азаматтардың 69,31 пайызы.