Берік ӘБДІҒАЛИҰЛЫ: «Бұл сайлау — әділетті Қазақстан құру жолындағы шешуші қадам»
Бүгін елімізде кезектен тыс Президент сайлауы өтіп жатыр. Сайлау учаскелері тағы сағат 7:00-де ашылып, кешкі сағат 20:00-ге дейін жұмыс істейді. Ел ертеңі үшін дауыс берген көпшілікпен бірге Ұлытау облысының әкімі Берік ӘБДІҒАЛИҰЛЫ да өз таңдауын жасаған болатын. Аймақ басшысының айтуынша, бұл сайлау әділетті Қазақстан құру жолындағы шешуші қадам болмақ.
«Бүгін Ұлытау облысында алғаш рет сайлау өтуде.
Осы тарихи күні мен де Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауына барып, дауыс бердім.
Сайлауға қатысу, өз таңдауын жасау әр азаматтың азаматтық борышы.
Сондықтан бұл сайлау әділетті Қазақстан құру жолындағы шешуші қадам деп есептеймін.
Біртұтас еліміздің іргесін бекемдеуге, адалдық пен әділеттілік салтанат құрған қоғам қалыптастыруға жұмылып жұмыс жасайық», — дейді Берік Әбдіғалиұлы.