Декларация тапсыру – жауапты міндет
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ұлытау облысы бойынша департаменті белгіленген құзыреттілік шегінде мемлекеттік қызмет, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау жəне мемлекеттік бақылау салаларында реттеушілік, іске асыру жəне бақылау функцияларын жүзеге асыратын Агенттіктің аумақтық органы болып табылады.
Мемлекеттік қызметшілер тарапынан бұзушылықтардың алдын алу, оларға құқықтық көмек көрсету, заңнама талаптарын айқындап беру кəсіби мемлекеттік аппарат құруда басты міндеттердің бірі.
2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап елімізде жалпыға бірдей декларациялау тəртібі күшіне енгендігі мəлім. Жоспарға сəйкес көрсетілген мерзімнен бастап мемлекеттік қызметшілер жəне оларға теңестірілген адамдар, сондай-ақ олардың жұбайлары ұсынады.
2023 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік мекемелер мен квазимемлекеттік сектор қызметкерлері мен олардың жұбайлары декларация тапсырады. 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап заңды тұлғалардың басшылары мен құрылтайшылары, сондай-ақ жеке кəсіпкерлер мен олардың жұбайлары үшін декларациялау енгізіледі. 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап азаматтардың қалған санаттары өтетін болады.
Негізгі мақсат – экономиканың көлеңкелі секторының көлемін қысқарту, жеке тұлғалардан алынатын табыс салығының толықтылығы мен мерзімділігін қадағалау жəне заңсыз табыс мөлшерін айқындау.
Декларацияны тапсыру қорытындысы бойынша бұзушылық анықталған жағдайда азаматтар, оның ішінде мемлекеттік қызметшілер əкімшілік тұрғыда жауапты болады.
Өз кезегінде, Департаментпен алға қойылған мақсаттардың бірі қай салада болмасын мемлекеттік қызметшілер тарапынан бұзушылықты болдырмау.
Осыған орай, ағымдағы жылдың қазан айында уəкілетті органның аумақтық бөлімшесі мемлекеттік кірістер департаменті жəне оның аумақтық бөлімшелерімен бірлесіп қызметшілер арасында түсіндіру жұмыстарын ұйымдастырып, бұзушылықтарды жою бойынша шара қабылдады. Іс-шарамен аудан жəне қалалардың мемлекеттік қызметшілері қамтылды.
Сонымен қатар, аталған жұмысқа мемлекеттік органдардың əдеп жөніндегі уəкілдері жұмылдырылды. Бекітілген ережеге сəйкес əдеп жөніндегі уəкілдер ұжымдағы заңнама талаптарының бұзылуын болдырмау бойынша шаралар қабылдап, қызметшілермен жекелей жұмыс жүргізеді.
Жүргізіліп жатқан жұмыстардың нəтижесінде бүгінгі күні декларацияны мерзімінде ұсынбау немесе толық емес, анық емес мəліметтерді ұсыну фактілері бойынша əкімшілік жауапкершілікке тартылған мемлекеттік қызметшілер жоқ
Алдағы уақытта көрсетілген жұмыстар өз жалғасын табатын болады.
А.АБИКЕНОВА, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ұлытау облысы бойынша Департаментінің мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының бас маманы.