Өзекті мәселелер сөз болды
Аптаның басында өңір басшысы Берік ƏБДІҒАЛИҰЛЫ «Қазақмыс Энерджи» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Бас директоры Темірлан ӨТЕГЕНОВПЕН кездесті.
Кездесу барысында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласының бірқатар мəселесі талқыланды. Атап айтқанда, Жезқазған ЖЭО, «Жезқазған АЭК» АҚ жəне «Жылу жəне сумен жабдықтау кəсіпорнының» жұмысы, жылыту маусымының өтуі, жалпы үй қажеттіліктеріне электр энергиясының жұмсалуы сөз болды.
Өңір басшысы жалпы үй қажеттіліктеріне қатысты мəселелерді шешу үшін пилоттық жобаға тағы екі көппəтерлі үйді қосуды ұсынды. Онда да əр кіреберісте электр энергиясын есепке алу құрылғылары орнатылады, электр сымдары, қалқан жəне басқа да құрылғылар «Электр қондырғыларын орнату ережелеріне» сəйкес келтіріледі.
Əңгіме нəтижесінде тараптар «Электр желілері кəсіпорны» есебінен Жезқазған мен Сəтбаевтағы төрт үйді сəйкестендіруге келісті. Бұған дейін жобаға екі үй қатысқан болатын.
Кездесуде Берік Əбдіғалиұлы Ұлытау жəне Жаңаарқа аудандарының электр желілерін серіктестік қарауына беру, сондай-ақ жазда Сəтбаев қаласының тұрғындарына ыстық су беру мəселелеріне тоқталып, құрылымдық бөлімшелерге тиісті тапсырмалар берді.
Ізбасар ОЙБАС.