Ұлытау ауданы әкімінің орынбасары тағайындалды

Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңының 29-бабы, 1-тармағы, 30-бабының 1-тармағына сәйкес, аудан әкімінің орынбасары лауазымына Нұржан Серікұлы ОРЫНБАЕВ тағайындалды.

Нұржан Орынбаев 1979 жылы Қарсақбай кентінде дүниеге келген.

Білімі – жоғары. 2007 жылы Тұрар Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін экономика және менеджмент мамандығы, 2018 жылы Ө.Байқоңыров атындағы Жезқазған университетін тау-кен ісі мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1999 жылы Жезқазған қалалық экономика комитеті тұтыну нарығы және кәсіпкерлік секторының бас маманы болып бастаған. Одан кейін Ұлытау аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі бастығының орынбасары, Ұлытау аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің бастығы болған. Жезқазған қаласы әкімі аппаратының басшысы, Жезқазған қаласы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарған.

Тағайындалғанға дейінгі қызмет лауазымы – Қарағанды облыстық қаржы басқармасы басшысының орынбасары.