Ұлытау облысы Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы тағайындалды
Ғалымжан Қалдыкөзұлы Орынов Ұлытау облысы Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы лауазымына тағайындалды.
1975 жылы Түркістан облысында дүниеге келген.
1996 жылы Қазтұтыну кооперациясы институтын, 2010 жылы Халықаралық Қазақ – Түрік университетін тәмәмдаған. Мамандығы — экономика және басқару, құқықтану.
2018 — 2019 жылдары Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің қаржылық қамтамасыз ету басқармасының басшысы;
2019 – 2022 жылдары Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы.