Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Ұлытау облысы бойынша аумақтық инспекциясының басшысы тағайындалды
Сымбат Бегалиұлы Қалиакпаров Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Ұлытау облысы бойынша аумақтық инспекциясының басшысы лауазымына тағайындалды.
1983 жылы Қарағанды облысының Нұра ауданында дүниеге келген.
2005 жылы С.Сейфуллин атындағы Ақмола аграрлық университетін, 2012 жылы Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін агрономия және экономика мамандықтары бойынша тәмәмдаған.
Еңбек жолын 2005 жылы Астана қаласы бойынша аумақтық инспекциясының жетекші маманы болып бастаған.
2009 – 2017 жылдары Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің бас сарапшысы;
2017 – 2018 жылдары Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті, Өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекция басқармасының басшысы;
2018 – 2021 жылдары Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Нұр –Сұлтан қаласы бойынша аумақтық инспекциясы басшысының орынбасары;
2021 – 2022 жылдары Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті өсімдіктер карантині және цифрландыру басқармасының басқарма басшысы.