Облыс әкіміне бірқатар нысандарды абаттандыру бойынша тұжырымдама мен эскиздік жобалар таныстырылды
Ұлытау облысының әкімдігінде «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС басқарма төрағасы Нұрахмет Нұриев өңір басшысына Жезқазған қаласындағы Кеңгір су қоймасының жағалауы мен Қ.И.Сәтбаев алаңын және Иманжанов көшесіндегі скверді абаттандыру бойынша Тұжырымдама мен эскиздік жобаларды таныстырды.
Аталған жобалар Ұлытау облысының әкімдігі мен «Қазақмыс» компаниялар тобы арасында қол қойылған өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандум шеңберінде іске асырылатын болады.
Нұрахмет Нұриевтің айтуынша, жобалар тұрғындар үшін қолайлы орта мен демалыс орнын құруды көздейді.
Облыс әкімі Берік Әбдіғалиұлы өз кезегінде жергілікті ландшафттарды барынша сақтау, сондай-ақ екпелерді көгалдандыру және суару мәселесін қарастыру қажеттігін атап өтті.