Мәслихатта – жаңа аппарат басшысы
Ұлытау аудандық мәслихатының ішкі конкурсынәтижесі негізінде аудандық мәслихат хатшысының өкіміне сәйкес, Мақсат Жанкелдіұлы ӘБДІКӘРІМОВ Ұлытау аудандық мәслихаты аппаратының басшысы лауазымына тағайындалды. Жаңа басшыны мәслихат аппаратына аудандық мәслихаттың хатшысы Аманжол МЫРЗАБЕКОВ таныстырып, қызметіне сәттілік тіледі.
Мақсат Жанкелдіұлы 1987 жылы 21 мамырда Ұлытау ауданында дүниеге келген. 2008 жылы Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін археология-этнология мамандығы бойынша тәмамдаған. 2012 жылы Қазақ инженерлік-техникалық академиясының экономика және бизнес мамандығын бітірген.
Еңбек жолын 2008 жылы 1 тамызда «Ұлытау» ұлттық тарихи-мәдени және табиғи қорық-мұражайының жетекші ғылыми қызметкері болып бастаған. 2008-2017 жылдары аталған мекемеде сектор меңгерушісі, бас инспектор, бөлім басшысы, директордың орынбасары қызметтерін атқарған.
10.08.2017- 20.02.2020 жылдары – Борсеңгір ауылдық округінің әкімі.
24.02.2020-14.09.2020 жылы – «Жезқазған тарихи-археологиялық музей көрме залы» КМҚК аға ғылыми қызметкері.
2020 жылдың қыркүйек айынан бастап, тағайындалғанға дейін Ұлытау аудандық мәслихаты аппаратының бөлім басшысы қызметін атқарған.