БАҒЫТ – АЙҚЫН, МЕЖЕ – БИІК
Ұлытау ауылдық округі әкімі Талғат ӘБЖАППАРОВТЫҢ 2021 жылы атқарған жұмыстары туралы қорытынды есебі
Ұлытау ауылдық округінің жер көлемі 318 мың 895 гектар. Аумақ үш елді мекеннен тұрады: Айыртау, Қызылүй, Талдысай. Округ аумағында 135 шаруа қожалықтары, 261 жеке кәсіпкерлер және 1 жауапкершілігі шектеулі серіктестік, Мәдениет үйі, орталық аурухана, 1 отбасылық дәрігерлік амбулатория, 1 мектеп, 47 мекемелер мен 28 жекеменшік дүкендер орналасқан.
2021 жылы Қазақстан Республикасында өткізілген Жалпыұлттық халық санағы іс-шаралар жоспарына сәйкес өткізілді. Нәтижесінде санақтан өткен адамдар саны 2666 адам немесе 99,5 пайызды құрады.
Бүгінгі күні халық саны 2688 адамды құрады, оның ішінде 2555 адам аудан орталығында, 133 адам Айыртау, Талдысай, Қызылүй елді мекендерінде орналаскан.
Аудан орталығында 12 көше, 614 аула бар. Мекен-жайлық және көшелік шаруашылықтарды реттеу барысында, 610 аулаға аншлагтар дайындалып, орнатылды. Үстіміздегі жылы қалған нысандар бойынша қосымша түгендеме жүргізілетін болады.
Тұрғындардың талаптары, сұраныстары бойынша жыл басынан бері 37 отбасылық, 23 жеке қосалқы шаруашылықтарындағы мал бастары туралы анықтамалар берілді.
Ауылдық округі әкімінің аппаратына есепті кезеңде тұрғындардан жер пайдалану жөнінде 15, әр түрлі мақсаттағы өтініштер 6, барлығы 21 өтініш тіркелген.
Осы өтініштерден 16-ы қанағаттандырылған, 5-і түсіндірілді. Электронды құжат айналым базасына барлық өтініштер енгізілді.
Есептік кезеңде 164 өкім, 5 шешім қабылданды.
Ауыл шаруашылығы саласы бойынша
Ұлытау ауылдық округінің ауыл шаруашылығы мақсатында пайдаланып отырған жер көлемі 202741га, оның ішінде жайылым 192626 га.Бүгінгі таңда 2020 жылғы ауданнан бекітілген «ЖерЭкспликациясы» бойынша 135 шаруа қожалықтары тіркелген, оның ішінде 2 шаруа қожалығы егінмен айналысады.
Шаруашылық есепке алу кітабы және электрондық есепке алу жүйесі бойынша мал бастары жылына екі рет тіркеледі.
Соңғы есеп бойынша 2020 жылы ірі қара мал 5220 болса, 2021 жылға 5507 бас болып немесе 105,5 пайыз, ұсақ мал 5144 бас болса, 2021ж 5350 бас немесе 104 пайыз, жылқы 4121 бас болса, 2021 ж 4451 бас болып 108,0 пайыз. Құс саны 4674 болса, 2021 жылы 5048 бас немесе 108 пайызға орындалды.
Өздеріңізге белгілі ауа райының қолайсыздығынан, күннің қатты ыстық болғанынан күннен дала өрті орын алды. Осыған қарамастан шаруа қожалықтары мен жеке қосалқы шаруашылықтар қысқы мал азығына мезгілінде қор жинады. Есеп беру кезеңінде округ бойынша 18762 тонна шөп дайындалды.
Ветеринария саласы бойынша
Ұлытау ауылдық округі ветеринариялық дәрігерлері 2021 жылы «Ұлытау ауданының кент, ауылдық округтері бойынша 2021 жылга арналған жануарлардың аса қауіпті ауруларына қарсы республикалық нысаналы ағымдағы трансферттен бөлінген қаржы есебінен жүргізілетін ветеринариялық-профилактикалық шаралары» жоспарын басшылыққа ала отырып жүргізілді. Сонымен қатар, барлық жұмыстар Қазақстан Республикасы бойынша электронды цифрлық жүйеге өтуіне байланысты, осы атқарылып жатқан жұмыстарымызды (сырғалау, вакцина егу, емдеу, қан алу, ветеринариялық-санитарлық іс-шаралар, жұқпалы індетке оң нәтиже көрсеткен малдарды санитарлық сою жұмыстары жүргізіліп, ауыл шаруашылығы жануарлары санының кіріс-шығыс есебі бірдейлендіру дерек қоры жүйесі де уақытылы жасалуда.
Жыл көлемінде жергілікті тұратын мал иелерінің өтініштері бойынша 136 (ЕАСУ) web-порталы арқылы ветеринариялық анықтамалар берілді, 43 малдардың егіп-емделгені туралы анықтамалар, ал 52 (АШЖБ) дерек қорынан малдары туралы ақпарат берілді.
Әлеуметтік сала бойынша
Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтік көмек төленді. 8 наурыз – Халықаралық әйелдер мейрамына орай, 70 «Алтын алқа», «Күміс алқа» иегерлеріне және кәмелетке толмаған төрт және одан да көпбалалы 137 аналарға 5,0 мың теңгеден, 685,0 мың теңге;
1 Мамыр — Қазақстан халқының бірлігі, Отбасы күні, 30 тамыз – Конститутция күні мерекелеріне орай 1,2,3 топтағы мүгедектер 123 адамға бір дүркін 5,0 мың теңгеден материалдық көмек 1 млн 845 мың теңге ;
9 Мамыр – Жеңіс күніне орай 26 ардагерге 50,0 мың теңгеден 1 млн 300 мың теңге;
ҰОС ардагерлері мен мүгедектеріне теңестірілгендерге Жеңіс күніне және коммуналдық төлемдерге 2 рет 100 мың теңгеден 200 мың теңге;
Отбасы күніне орай 70 жастағы және 70 жастан асқан зейнеткерлерге бір дүркін 10,0 мың теңгеден 135 адамға 1млн 350 мың теңге;
Наурыз мейрамы және 6 шілде – Астана күніне орай ең төменгі зейнетақы алатын зейнеткерлерге 2 рет 10,0 мың теңгеден 12 адамға 120,0 мың теңге;
Жаңа жыл, Астана күні және Отбасы күні мерекелеріне орай 18 жасқа толмаған мүгедек балаларға әлеуметтік көмек 3 рет 5,0 мың теңгеден 8 адамға 120,0 мың теңге;
Жаңа форматтағы мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек жәрдемақысы 6 отбасының 32 мүшесіне 906 мың 600 теңге төленді.
Білім беру саласы бойынша
Аудан орталығындағы №1 Тірек мектебінде 108 қызметкер жұмыс атқарады. (оның ішінде 70 педагог, 38 техникалық қызметкерлер). Ғимарат 600 орынға есептелген. Қазір 439 оқушы білім алады.
Кәсіпкерлік саласы бойынша
2021 жылы ауданымызда ашылған «Бекболат» автодүкені иесі Ғибадат Бекетай. Ол жас кәсіпкерлерді қолдау мақсатында ұйымдастырылған аудан әкімінің грантына ие болды. Дүкенде көліктерге қажетті құрал-жабдықтар сатылады. Ғимараттың екінші бөлігінде дөңгелек жөндеуге арналған шеберхана орналасқан.
Шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға және жастардың өз ісін ашып, кәсіпкерлікпен айналысуға қолдау жасауға бағытталған облыс әкімінің және аудан әкімінің гранты тағайындалып, оны 17 жас жеңіп алды.
Айта кетсек облыс әкімінің грантын селомызда жұмыс істеп тұрған тігін цехын кеңейту мақсатында Айзада Сансызбаева, ірі қара мал өсіруге Жарас Қуаныш, кондитерлік цех ашуға Мақпал Сайлау жеңімпаз атанып, облыс әкімінің 1 млн. теңге грантына ие болды.
Ал аудан әкімінің грантын 14 жас иеленді. Бұл жастарға әртүрлі бағыттағы өз істерін ашуға 486 мың теңгеден бастап, 900 мың теңге көлемінде қайтарымсыз грант тапсырылды. Аудан әкімінің грантына ие болған жастардың басым бөлігі ауыл шаруашылығы, көлік дөңгелек жөндеу, тамақтану орталығы сияқты қажетті салаларда өз кәсіптерін ашпақ. Сонымен қатар, кеңсе тауары, аяқкиім жөндеу шеберханасы, ойын клубы, баспахана ашу және тағы да басқа кәсіп түрлері бар.
Санитарлық жағдай
Президентіміздің ағымдағы жылдың 15 наурыздағы №285 Жарлығына байланысты ҚР Сауда және интеграция, Ауыл шаруашылығы, Ұлттық экономика министрліктері ҚР төтенше жағдай кезінде «Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті бөлшек сауда бағасын енгізу туралы» бірлескен бұйрыққа сәйкес 9 азық-түлікке қойылған шекті баға бойынша селода орналасқан барлық азық-түлік дүкендерінің иесіне мамандар түсіндірме жұмыстары мен бақылау жүргізілді.
Ауылдағы жалпы халық саны 2688 адам, оның ішінде: 18 жастан жоғары 1868 адам, 12-17 жас аралығындағы бала саны 178. Коронавирусқа қарсы екпе алған 18 жастан жоғары 1187 адамды немесе 64 пайызды құрады. Екпе алған балалар саны – 44.
Санитарлық тазалау және көгалдандыру бойынша
Аудан әкімінің өкіміне сәйкес көктемгі, күзгі санитарлық тазалау және көгалдандыру айлары жарияланған.Осы өкімді басшылыққа ала отырып округ әкімдігі тарапынан іс-шара жоспары жасалып, село орталығындағы барлық мекемелерге, жекелеген кәсіпкерлер мен тұрғындарға хабарланды. Осы жоспарға сәйкес ауыл орталығындағы және ауыл сыртқы жағындағы тазалайтын аумақтары әр мекемеге бөлініп беріліп санитарлық тазалық жұмыстары жүргізілді. Бұл көктемгі және күзгі тазалық жұмыстарына аудан орталығындағы барлық мекемелерден 1300 адам тазалау жұмыстарына қатысып, 215 га аумақ тазаланып, қатты тұрмыстық калдықтарды полигонға 61 тонна қоқыс шығарылды.
Қорғаныс саласы
Қорғаныс істері жөніндегі бөліміне 2021 жылы әскери шақырушылар саны 32 азамат, әскери борышын өтеуге 3 азамат жіберілді.
Қоғамдық тәртіп
Село бойынша есепті кезеңде тіркелген қылмыстардың саны – 6. Қоғамдық орындарда жасалған қылмыстар 3 қылмыс тіркелді.
Учаскелік полиция инспекторларының қатысуымен 7 қылмыс ашылған.
Учаскелік полиция инспекторлары жеке өзі ашқан 2 қылмыс, 3 мал ұрлығы тіркелген.
Заңсыз ет өнімдерін тасымалдау бойынша 20 оқиға тіркеліп, заңды шаралар қолданылды.
Экономика және қаржы саласы
Жергілікті өзін-өзі басқару шотына түсетін 5/бес/ салық түрлерінен: төлем көзінен салық салынбайтын табыстардан ұсталатын жеке табыс, мүлік, жер, заңды тұлғалар мен жеке тұлғалардың көлік салықтарынан түсетін түсім 2021 жылға 3 млн 715 мың теңгеге жоспарланса, есепті кезеңде 6 млн 860 мың теңге салық түсті, орындалысы 185 пайызды құрады. Аудандық маңызы бар қала, ауыл , кент ауылдық округ әкімінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер. Жұмсалған қаржы – 76 023 000 теңге. Елді мекендерде көшелерді жарықтандыру. Жұмсалған қаржы – 24 838 000 теңге. Ұлытау селосындағы көше жарығын күтіп-ұстау жұмыстары жүргізіліп, Айыртау, Талдысай, Қызылүй елде мекендердің жанбай тұрған бағаналардағы шамдары ауыстырылды. Ұлытау селосы Бұлқышев көшесі, Жамбыл көшесінен Лесхозға дейін, Асатов көшесінен Визит центрге дейін және Сәтбаев көшесінен бастап Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығы атындағы көшесіне дейін толық жарық бағаналар орнатылды.
Елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету. Жұмсалған қаржы – 6 088 000 теңге. Ұлытау селосындағы иесіз қалған қоқыстарды шығару және полигондағы қатты тұрмыстық қалдықтарды көму және культивациялау жұмыстары жүргізілді. Қатты тұрмыстық қалдық полигонын жою үшін қаржы жұмсалып жобалық жою құжаттары әзірленіп дайындалды.
Елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыру
Энергияны үнемдеуді орнату және қосу металл консольдағы жарықтандыру жұмыстары атқарылды. Сонымен қатар, билбордтарға баннер дайындап орнату және каркастарың ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Селодағы «Хандар алаңы» ескерткішіне гүлдер әкеліп отырғызылды. Талдарды суарып, күту жұмыстары атқарылды.
Аудандық маңызы бар қалаларда, ауылдарда, кенттерде, ауылдық округтерде автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету. Ұлытау селосы ішіндегі жолдарды жыл бойына күтіп-ұстау жұмыстары атқарылды. Қызылүй елді-мекенінің кіреберіс автокөлік жолдарына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Ауыл ішіндегі ішкі жолдарды орташа жөндеу жұмыстарына жобалау-сметалық құжаттар дайындалды. Ұлытау селосы Жамбыл көшесінен Лесхозға дейін және Асатов көшесінің автокөлік жолдарын орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Бұған жұмсалған қаржы – 50 450 000 теңге
. Елді мекендерді сумен жабдықтауды ұйымдастыру жұмыстары атқарылды. Оған жұмсалған қаржы – 8 700 000 теңге.
Алда тұрған міндеттер
- ҚР Заңдары мен Президент Жарлықтарын, Үкімет пен жергілікті басқару органдарының шешімдері мен өкімдерін басшылыққа ала отырып, көрсетілген өкілеттікке сай, ауыл тұрғындарының әлеуметтік-экономикалық жағдайларын жақсартуға және халықтың билікке деген сенімін арттырып, қоғамдық-саяси ахуалдың тұрақты болуына жұмыс жасау. Ауыл тұрғындарына көрсетілетін қызмет сапасын арттыру.
- Елді мекен тұрғындарын жұмыспен қамту, әлеуметтік тұрмыстық жағдайларын көтеру мақсатында шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту. Әлеуметтік аз қамтылған отбасыларына үнемі қолдау көрсетіп отыру.
- Ауылдың инфрақұрылымын дамыту бағытында, көшелерді жарықтандыру, жөндеу және көркейту, абаттандыру жұмыстарын жандандыру.
- Ауыл жастары арасында бұқаралық спортты дамытуға және басқа да өзекті мәселелердің шешімін табуға жұмыс жасау.
- Селодағы иесіз қалған қоқыстарды шығару және қатты тұрмыстық қалдықтарды жою жұмыстары.
- Мүмкіндігі шектеулі балаларға ойын алаңын орнату.
- Асанқайғы ескерткішін ағымдағы жөндеу.