Берік Әбдіғалиұлы Ұлытау ауданына жұмыс сапарымен барды

Берік Әбдіғалиұлы Ұлытау ауданына жұмыс сапарымен барды. Жұмыс сапары аясында Б.Әбдіғалиұлы №1 Ұлытау мектебінің жаңартылған материалдық-техникалық базасымен танысты. Сонымен, тірек мектепте 34 оқу кабинеті мен қосымша білім беру шеберханалары: арт-студия, STEM-зертхана, робототехника кабинеті, кітапхана мен телестудия жабдықталды.

«Қазақстан Халқына» Қоры 256 млн теңгеге қаржыландырды. Өз кезегінде, Beeline Kazakhstan компаниясы жобаның доноры болды.

Сонымен қатар, білім беруді тұрақты дамыту қоры мен «Назарбаев Зияткерлік мектептері» мамандары №1 Ұлытау мектебінде білім беру ортасы мен оқыту сапасын талдау бойынша жұмыс жүргізді. Нәтижесінде білім беру сапасын арттыру үшін педагогтарға қажетті арнайы курстар анықталды. Қазіргі уақытта осы мектеп педагогтарының 30% — ы оларды Жезқазған, Қарағанды және Астанада сәтті өтті. Жалпы, педагогикалық ұжымға арналған қарқынды оқыту бағдарламасы 2023 жылдың ақпан айына дейін өткізіледі.

️ Кездесу соңында облыс әкімі оқушыларды және мектеп ұжымын құттықтап, табыс және жемісті еңбек тіледі. Сондай-ақ, 2024 жылы аудан орталығында білім беру мектебі мен балабақша, аудандық аурухана салу жоспарланып отырғанын хабарлады.