Ұлытау облысы бойынша Бала құқықтары жөніндегі өңірлік уәкіл тағайындалды

Гүлмира Алпысбайқызы Жаппасова Ұлытау облысы бойынша Бала құқықтары жөніндегі өңірлік уәкіл лауазымына тағайындалды.
Гүлмира Алпысбайқызы 1976 жылы Жезқазған қаласында дүниеге келген.
2003 жылы Ө.Байқоңыров атындағы Жезқазған университеті, орыс тілі және әдебиеті пәні мамандығы бойынша тәмәмдаған.
Еңбек жолын 1997 жылы Сәтбаев қаласының №3 мектебінің орыс тілі пәні мұғалімі болып бастаған.
2000 – 2001 жылдары Сәтбаев қалалық білім, дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы.
2001 – 2010 жылдары Сәтбаев қаласының «Ш.Ділдебаев атындағы Кеншілер сарайы» директорының мәдени жұмыстар жөніндегі орынбасары.
2010 – 2012 жылдары «Ғ.Мүсірепов атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының әдістемелік-библиографиялық бөлімінің жетекшісі (Солтүстік Қазақстан облысы).
2012 – 2022 жылдары Сәтбаев қаласының «Абай атындағы №4 мектеп-лицейі» КММ-нің директоры.
2022 жылғы шілде айынан бастап бүгінгі күнге дейін «The Ulytau Educational Foundation» қайырымдылық қоры» ҚҚ Жезқазған қаласындағы аймақтық өкілдігінің басшысы болып қызмет еткен.