Сарбаздарға алғыс білдірді

Жұма күні аудан орталығында дала өртін ауыздықтауға қатысқан Қарағанды облысының Төтенше жағдай жасақтарына аудан әкімі тарапынан алғыс білдірілді. Шығарып салу рәсімін аудан басшысы Советбек МЕДЕБАЕВ ашып, сөз сөйледі.

– Құрметті сарбаздар! Шіліңгір шілде ауданымыз үшін сынақпен басталды. Ауданымыздағы бірнеше ауылға найзағай түсіп, дала өрті орын алғанда, сіздер қауіп-қатерге қарамастан қажырлы жұмыс істеп, тілсіз жауды тұсаулап, қанша халық пен жерді қорғап қалдыңыздар. Мен бүгін сіздерге аудан басшылары мен тұрғындар ы атынан алғыс айтамын. Сіздердің арқаларыңызда бірнеше гектар жерлерімізді өрттен аман алып қалдық. Қоғамымыз үшін жауапты сәтте жауға қасқая қарсы тұратындықтарыңызды анық көрсеттіңіздер. Қиын да қастерлі қызметтеріңізге табыс, отбасыларыңызға амандық, тілеймін!, – деді аудан басшысы өз сөзінде.