Ауданда «профилактикалық кабинет» ашылды

Дүйсенбі күні Ұлытау ауданының полиция бөлімінде «Профилактикалық кабинет» ашылды.

Тәжірибеге сүйенсек, осы шаралар басқа профилактика субъектілерімен өзара жақындасуға және кешенді шараларды жүргізуге аса тиімді екені анықталды. Осындай біріктіруші орталық болып, криминогендік жағдайға әсер ететін (алкоголизм, нашақорлық, тұрмыстық зорлық-зомбылық, девианттық мінез-құлық, буллинг және т.б.) әлеуметтік маңызы бар тәуекелдер бойынша алдын алу-ақпараттық және кеңес берушілік жұмыс жүргізілетін «Профилактикалық кабинеттер» болады.
Ашылған «Профилактикалық кабинетке» өз салалары бойынша профилактикалық шараларды жүргізу үшін мына қызметтер тартылады. Атап айтсақ, олардың құрамында ведомствоаралық үйлестіру және құқықтық кеңес беру үшін – полиция қызметкерлері, сонымен қатар тәуекелдер топтарынан кәмелетке толмағандармен және дағдарыс жағдайлармен жұмыс істеу үшін – психологтар, тәуекелділіктердің профилактикасы үшін нарколог-дәрігерлер, бейінді мамандарға жолдау және алғашқы кеңестер үшін медициналық қызметкерлер және қолайсыз отбасыларды сүйемелдеу үшін әлеуметтік қызметкерлерде болады.
Кабинеттің ашылуына Ұлытау ауданы әкімінің орынбасары Алмат Сакипов, Ұлытау ауданы прокуратурасының аға прокуроры Нұрдәулет Күнділдә, аудандық полиция бөлімінің ардагерлер кеңесі төрағасы Хайдарбек Ержанов, аудандық «Ұлытау» газетінің бас редакторы Қайрат Жұмабай, аудандық аурухананың дәрігері Ринат Қыдырмолдин, аудандық отбасын қолдау орталығының директоры Ноян Жеңсікбаев, аудандық Мансап орталығының басшысы Баянқұл Аманжолов, аудандық білім бөлімінің әдіскері Қарақат Байзақова қатысты.
Іс-шараға қатысушыларға аудандық полиция бөлімі бастығының міндетін атқарушы, полиция подполковнигі Жәнібек Наурызбаев профилактикалық кабинеттің полиция бөлімінде ашылу мақсатын ережеге сәйкес, толыққанды түсіндірді.

Досбол КЕНЖЕБАЕВ,
Ұлытау ауданы Полиция бөлімінің қоғамдық қауіпсіздік бөлімшесінің бастығы, полиция подполковнигі.