«Таза Қазақстан» – экологиялық бірегей жоба

«Таза Қазақстан» акциясы аясында облыста 27 315 жасыл желек отырғызылды және 8 300 тоннадан астам қатты тұрмыстық қалдық жиналды. Жезқазған қаласында – 16 596 көшет және 4 000 тонна қалдық өңделді. Келесі жылы «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» 100-дей жасыл желек отырғызуды жоспарлап отыр.

Жезқазған, Сәтбаев қалалары мен Ұлытау ауданында экологиялық зерттеулер аяқталды, нәтижелері қоғамдық тыңдау мен мемлекеттік сараптамадан өтуде.

Жаңаарқа ауданында 70 гектар аумаққа тұрақты тұқымбақ салынады (құны – 2,571 млрд теңге). Жезқазғанда жеке инвестициялар есебінен қатты тұрмыстық қалдықтарды өңдейтін кешен іске қосылады (жылдық қуаты – 50 мың тонна, жалпы құны – 720 млн теңге).

Сәтбаев қаласында Қазақмыс Дистрибьюшн ЖЭК станциясында бу ластануын азайту үшін төрт қазандыққа эмульгатор орнатылып, күлді тазарту деңгейі 65%-дан 98%-ға дейін жетеді.