Қоғам үшін қауіпті дерт – жемқорлық

Бүгінгі таңда еліміздің басты мәселелерінің бірі – сыбайлас жемқорлық, яғни парақорлық пен қызметтік жағдайды жеке пайдасына пайдалану. Бұл тек заң бұзушылық емес, сонымен қатар, қоғамның моральдық құндылықтарына төнген қауіп. Сыбайлас жемқорлық – мемлекеттің дамуын тежейтін, халықтың сенімін азайтатын дерт.

Параның түбін жою үшін ең алдымен адамдардың санасын өзгерту керек, себебі санасы дұрыс ешқашан параға барады деп сенуге болады. Кейде жемқорлықты тек жоғары лауазым иелерімен байланыстырамыз. Алайда ол кейде күнделікті өмірімізде де кездеседі: құжат рәсімдеу кезінде, емтихан тапсыруда, қызмет көрсетуде. Осындай ұсақ паралар қоғамды іштен ірітіп, үлкен жүйелік дертке айналады.Сыбайлас жемқорлықтың түп-тамыры – адамның сана-сезімінде. Егер әр азамат өз әрекетінің адалдығына мән берсе, қоғамдағы әділетсіздік азаяр еді. Сыбайлас жемқорлық ел экономикасына орасан зиян келтіреді. Мемлекет бөлген қаражат мақсатсыз жұмсалып, халық игілігіне жетпейді. Бұл өз кезегінде халықтың билікке деген сенімін төмендетеді. Жастардың да әділ жолмен жетістікке жетуге деген сенімі азая бастайды. Сондықтан жемқорлыққа қарсы күрес – қоғамның болашағына жасалған қамқорлық. Әрине, бірақ тек заңмен шектелу жеткіліксіз. Сыбайлас жемқорлықпен күрес әр азаматтың жеке жауапкершілігімен тығыз байланысты. Егер біз «жылдам шешілетін жол» ретінде пара беруді тоқтатпасақ, бұл дерт ешқашан жойылмайды. Сыбайлас жемқорлықпен күрес – тек биліктің емес, бүкіл қоғамның міндеті. Әркім өз орнында әділ, адал болса – қоғам өзгереді. Пара бермеу – азаматтық ұстаным, ал адал еңбек ету – нағыз патриотизм. Еліміздің болашағы таза ниет пен әділ қоғамда. Адалдықты өмір қағидасына айналдырсақ, еліміз де, ертеңіміз де нұрлы болмақ деп сенеміз.

Ұлытау ауданы бойынша
Мемлекеттік кірістер басқармасы.