«Дінімізді қорғау – ұлтымызды қорғау»

Жақында жоғарғыда аталған тақырыпта Жезқазған қаласындағы «Асар» баспаханасынан жаңа кітап жарыққа шықты.

Асыл дінімізді насихаттауға арналған кітаптың шартты табағы 19,5, көлемі – 312 беттік шағын туынды. Кітап авторы – Ұлытау ауданы Сарысу ауылының тумасы Әнуарбек қажы Сүйінбай тегі. Бұл – оның діни тақырыпта жазған төртінші кітабы. Бұған дейін «Дін-рухани өмір тірегі», «Дін мұраты – ынтымақ пен имандылық», «Елдің діни діңгегі – дәстүрлі ислам» атты үш кітабы жарыққа шыққан.
Әнуарбек қажының жазған кітаптарының негізгі мазмұны – имандылық пен парасат, адамгершілік пен ізгілікке негізделген. Жаңа жинаққа да автордың діни тақырыпта жазылған ой-пікірлері, пайымдаулары енгізілген. Кітаптың тілі жатық, оқуға жеңіл, оқырманның діни сауатын ашуға, ілімін жетілдіруге таптырмас оқулық.

Қайрат ЖҰМАБАЙ.