Жөндеу жұмыстары тамызда тәмамдалады

Ұлытау облыстық мәслихатының төрағасы Бауыржан Шыңғысов пен облыс әкімінің орынбасары Зина Ақылбекова Қаражал қаласы мен Жайрем кентіне жұмыс сапарымен барды.

Сапар барысында делегация күрделі жөндеуден өтіп жатқан №10 және №30 мектептерді аралап, құрылыс жұмыстарының барысымен танысты.

Кездесуге Қаражал қаласының әкімі Айқын Елеусізов, Жайрем кентінің әкімі Қайрат Жансагимов және мектеп директорлары қатысты.

Жиын қорытындысында бірқатар нақты ұсыныстар айтылып, жұмыстың қарқынын арттыру және құрылысшылар санын көбейту тапсырылды. Мектептердің 25 тамызға дейін жаңа оқу жылына толық дайын болуы – басты талап ретінде қойылды.