ҰСТАЗДЫҚ ЕТКЕН ЖАЛЫҚПАС…
Бүгін саналы ғұмырын шәкірттеріне білім нәрін беруге арнаған Шайзат Дүйсенқызы Тілеуова туралы жазбақпын. Шайзат Дүйсенқызы 03.10.1965 жылы Жезқазған облысы, Байқоңыр ауылында дүниеге келген.
1972 жылы Құлжанбай негізгі орта мектебінің бірінші сыныбына қабылданған. 1982 жылы бітіріп, сол жылы «Н.В.Гоголь атындағы Қызылорда педагогикалық институтының» физика-математика факультетіне түсіп, 1987 жылы бітірген,физика- математика пәнінің мұғалімі мамандығын алды.
01.09.1987 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Қоскөл ауылының №11 жалпы орта білім беретін мектебіне математика пәнінің мұғалімі болып жұмыс атқарған. Жалпы еңбек өтілі: 37 жыл, білім беру саласындағы жұмыс өтілі: 37 жыл. Осы еңбек ұжымындағы еңбек өтілі: 37 жыл. Мұғалім ретінде І санаты, кейінірек педагог-модератор санатын алды. Бүгінгі күнге дейін сол ауылда қазіргі Ұлытау облысы, Ұлытау ауданына қарасты Қоскөл ауылында тұрады.
Оқытудағы жетістіктері үшін Аудандық білім бөлімінің «Шағын жинақты мектептің үздік педагогы»-2021 жыл, Құрмет грамотасы-2019ж, Облыстық білім бөлімінің Алғыс хаты-2008ж, Құрмет грамотасы -2012ж, Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 2 желтоқсандағы жарлығымен «Халық алғысы» медалі марапаттарына ие болды. Ауылдың жанашыр жаны, қоғамдық-мәдени іс шараларға белсене араласады. Тлеуова Шайзат тәрбиелеген оқушылар бүгінде үлкен жетістікерге жетуде. Ұстаздың бала тәрбиелеудегі орны ерекше екендігі айқын. Саналы ғұмырын білім саласына арналған ұстаздың өмір жолы көптеген жастарға үлгі болары сөзсіз.
Фариза РАНОВА,
Қоскөл ауылдық округінің тұрғыны.